Басты бет » Жаңалықтар » Қазақ футболшысы 17 жасқа дейінгі әлемнің ең қымбат үш ойыншысының қатарында

Қазақ футболшысы 17 жасқа дейінгі әлемнің ең қымбат үш ойыншысының қатарында

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Дастан Сатпаев 17 жасқа толмаған футболшылар арасында әлемдегі ең қымбат үш ойыншының қатарына енді, деп хабарлайды Jastar janary  Qazaq Today ақпарат порталына сілтеме жасап.

Transfermarkt сайты футболдағы жас ойыншылардың нарықтағы бағасын қайта жаңартты. Жаңа рейтингке сәйкес, Сатпаев 17 жасқа дейінгі ең қымбат 100 футболшының тізіміне енген жалғыз қазақстандық спортшы атанды. Қазіргі таңда Дастанның трансферлік құны 1,8 миллион еуро деп бағаланған.

Айта кетейік, осы жас шектеуіндегі ойыншылар арасында отандасымыздан жоғары тек екі футболшы бар, олар мексикалық Хильберто Мора («Тихуана» — 3 миллион еуро) және бельгиялық Натан Де Кат («Андерлехт» — 2,5 миллион еуро).