Басты бет » Жаңалықтар » «Ұят дегеннен кетіпсің»: Жұлдыз Әбдікәрімованың киім үлгісін көпшілік сынап жатыр

«Ұят дегеннен кетіпсің»: Жұлдыз Әбдікәрімованың киім үлгісін көпшілік сынап жатыр

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында ашық киім үлгісімен жарияланған видеосы оқырмандардың талқысына қалды, деп хабарлайды Jastar janary.«Осы жүктілігімде өте-мөте көп фотосессия и видео түсіремін бұйырса. Өйткені осыған дейінгілерін тығылып, үнсіз жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар. Осы ғажап күйімді босқа өткізіп алғым жоқ», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушыларға бұл киім үлгісі ұнамай түрлі пікірлер қалдырды.

Бірі: «Не кисең де өзің білесің, ең бастысы күйеуің рұқсат берсе болды» десе, енді бірі «Мен ғана ма ұялып отырған, атасы көріп қоймаса екен деп», «Мынау екі қабат кезде алжыды ғой», «Жұлдыз, ренжімеші, ыңғайсыз болып тұр», –деп жазды желі қолданушылары.