Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл хабарлайды Jastar janary.
Анастасия Городко. Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында фристайл-могулдан сынға түскен жерлесіміз Анастасия Городко ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Ол сайыстың аталған түрінен 79 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті.
Ал екінші орынға жапониялық Харука Накао жайғасса, үштікті германиялық Ханна Визе түйіндеді. Фристайл-могулдан бағын сынаған тағы бір жерлесіміз Аяулым Әмренова 70 ұпай жинап, 5-орын алды.