Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында «өзімнің қалай нәзік жанды әйел екенімді сезіндім» деп жазды, деп хабарлайды Jastar janary.
«Мен осы жасыма келгенде ғана өзімнің әйел екендігімді, нәзік жанды екендігімді сезініп, түсіндім.
Басымнан өткен бір оқиғаны айтайын:
Күйеуім екеуміз бірде Лос-Анджелесте үйден шықтық та екеуміз үйге тамақ алайық деп дүкенге бардық. Содан өкіртіп пакет-пакет азық-түлік алып көліктің артына салып үйге келгенде көліктің артын мен аша салдым да бүкіл заттарды қолыма үйіп көтеріп…
Енді деген көп ауыр пакеттерді алып үйге кірейін деп жатырсам күйеуім тоқтатып алып «Неге сен мына ауыр заттың бәрін көтеріп жүрсің бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым!
Сенің жұмысың маған энергия беру, маған еркелеу, күн секілді жарқырап жайнап қасымда нәп-нәзік күйіңде жүру деп айтты.
Сол кезде бірінші рет өзім ойландым…
Мәссаған, Айгүл сен кәдімгі нәзік жанды әйел екенсің ғой?! — деп өз-өзіме іштей сұрақ қойып…
Бірақ, сондай ішімдегі нәзіктік, әйелдік, күйеуіме иығымды қойып еркелей алатын, сезімді өмірімде басымнан бірінші рет өткердім десем мен қателеспеймін…
Қыздар келіншектер жігіттеріңізге күйеулеріңізге, еркелей беріңіздер!
Еркелесеңіз ғана Есілдің мұзын ерітуге болады!» — деп жазды Айгүл Иманбаева.