Басты бет » Жаңалықтар » «Балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын»: Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

«Балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын»: Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жақында өзінің тікелей эфирінде «Моана» мультфильміне қатысты айтқанына сын жазғандарға жауап берді, деп хабарлайды Jastar janary.

«Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын!
Хейтерларды да, қуантып қою керек.
Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рахмет айтамын. «Таптым-ау сені» ұнап жатыр шынымен! Осы жолы бөлім керемет шықты, шүкір!
Одан кейін балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын. Опшым әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым! Өзіміздің киноны голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ.
Өз елімнің киносына бармаңдар деген жоқпын кейбір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын, есігіңнің алдындағы ит жаман десе, намыстанатын.
Хейтерларға тілерім өмірлері тыныш жақындары аман болсын.
Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын!» – деп жазды Дариға Бадықова.