ҚИМАДЫМ

 

Қара көз қыздарым,

Қарамен орапты гүл жанын.

Жын ба, шайтан ба, білмедім,

Көрдім де мұздадым!

 

Қай жаққа барасың шұбырып?

Кеттіңдер неліктен құбылып?

Қап-қара жамылған қыздарым,

Жатсыңдар құрдымға жығылып.

 

Қап-қара қап киіп басыңа,

Күн тимей ақ жүзің, шашыңа.

Адасып кеттіңдер ашықта,

Жолауға қорқамын қасыңа.

 

Ұлтыңнан ұзадың, жат болдың,

Жалтардың үстінен Хаһ жолдың.

Қарадан жамылып кебінді,

Халқыңмен, салтыңмен қас болдың.

 

Кімсіңдер, несіңдер, беймәлім,

Құртқа жем қыз ғұмыр миларың.

Қап-қара болсаң да қалқам-ай,

Сендерді талақшыл шайтанға,

Көр кеуде бөтенге қимадым.

Мұнайдар БАЛМОЛДА