Басты бет » Топжарған (страница 11)

Топжарған

Белгілі кәсіпкер Әбибаға стипендия тағайындамақ

Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне алмаған дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтып көзіне жас алып, жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Әбиба Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді.   «Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік… Қарсылас (швециялық Тара Бабулфатты айтады — ред) өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін ...

Толығырақ »

Алматыда Олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында Жастар спартакиадасы өтті

XXXIII Жазғы Олимпиадада ұлттық құраманы қолдау мақсатында Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасы «Рух Марафон» спартакиадасын ұйымдастырды. Алатау ауданының жүздеген тұрғыны қатысты. Ересектер де, балалар да өздерінің физикалық дайындықтарын байқап көрді. Іс-шара бағдарламасына эстафеталар, командалық ойындар, кәсіби жаттықтырушылардан шеберлік сабақтары, жүгіру кірді. Айта кетейік, Қазақстан аумағында XXXIII Париж Олимпиадасын көрсету құқығын  отандық 5 телеарна иеленді. Сондай-ақ қазіргі уақытта  Парижде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ...

Толығырақ »

14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды

Осылайша, Жапония командалық есепте бірінші орынға шықты, деп жазады Jastar janary порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. Фото: JULIAN FINNEY/GETTY IMAGES Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ерекше нәтиже тіркелді. Скейтбордшылар арасында жеңіс тұғырына үш бірдей жасөспірім спортшы көтерілді. Ал араларында 14 жастағы жапон Коко Есидзава жеңімпаз атанды. ХОК мәліметінше, жапон қызы 272,75 ұпаймен стрит бағдарламасында топ жарды. Олимпиада ойындарының күміс ...

Толығырақ »

«Алтынға таласады»: гимнаст Нариман Курбанов пен Милад Карими финалдық кезеңге жолдама алды

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын Нариман Курбанов пен Милад Карими жарыстың іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. Курбанов гимнастикалық атта өнер көрсетуде Олимпиада алтыны үшін таласады. Іріктеу кезеңінде ол 15.000 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Жекелей сында финалға сегіз гимнаст шыққанын айта кету керек. Карими болса жекелей көпсайыста финал жолдамасын алған. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

БҮГІН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛАУЫ ТҰТАНАДЫ

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта өтеді. Яғни, спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтеді. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шығады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадерода аялдайды. Іс-шараның көркемдік жетекшісі — театр режиссері Томас Жолли. Ашылу салтанатына 3000 өнерпаз қатысады, ...

Толығырақ »

Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды

Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі. ...

Толығырақ »

Алматылық оқушылар Австралияда өткен робототехника чемпионатынан қос жүлде еншіледі

Қазақстанның «Sana Team» құрамасы FIRST Tech Challenge категориясы бойынша Asia Pacific Open Championship халықаралық чемпионатының жеңімпазы атанды. Еліміздің атынан «Білім-инновация» лицейі мен Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушылары: Дарын Смайыл, Арнар Дәулетқұл, Әділ Тұрсынғали, Аббас Пахридин, Осман Акипбек, Асылхан Ыбырай, Ілияс Әшіралин, Алдияр Дәулетұлы, Жанайым Сабыржан, Ғазиза Кунгожина қатысты. Жарысқа 11 елден барлығы 400-ге жуық бала қатысты. Финалдық кездесуде қазақстандық мектеп оқушылары ...

Толығырақ »

ОЛИМПИАДАҒА АЛҒАШ РЕТ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҮЗДІГІ НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Назым Қызайбайдың есімі қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол еліміздегі әйелдер боксының басты қаһармандарының бірі. Бүгінге дейін әлем чемпионатын екі рет ұтқан боксшы қызымыздың Олимпиадаға жолы енді ашылды.  Отыз жасында ең алғашқы Олимпиадасына аттанатын Назым Қызайбай туралы Olympic.kz сайты әңгіме өрбіткен болатын. Назымның есімі әуесқой бокс әлемінде ерте танылды. Ол әлем біріншіліктеріндегі ең алғашқы жүлдесін 2012 жылы иеленген. Қытайдың Циньхуандао қаласында өткен ...

Толығырақ »

Испания төртінші мәрте Еуропа чемпионы атанды

Испандықтар Еуропа чемпионатын ең көп жеңген құрама болды. Бұл туралы 1bol.kz арнасы жазды.   Фото: https://1bol.kz Футболдан Еуропа чемпионаты мәресіне жетті. Бір айға созылған доп додасында Испания құрамасы оза шауып, турнир чемпионы атанды. Финалда «қызыл фурия» Англияны 2:1 есебімен жеңді. Бірінші таймда командалар барынша сақ ойнап, аса қауіпті шабуылдар ұйымдастырған жоқ. Ал, екінші тайм бастала салысымен Испания Англия қақпасын қысымға ...

Толығырақ »

Қазақстан әнұранын жаттап жатыр…

Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақ елінің әнұранымен қатар, мемлекеттік тілді де меңгеруге кіріскен. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желіде жазды. «Әнұранның сөзін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеп кететініме күмәнданам. Бірақ барымды салып тырысамын», – деді Софья РИА Новости порталына берген сұхбатында. Жас спортшы мамыр айында азаматтығын ауыстырып, Қазақстанның көк паспортын алды. 17 жастағы Самоделкина – ...

Толығырақ »