Басты бет » Жаңалықтар » Көшпенділер ойынында Бәйгенің бәсі жоғары

Көшпенділер ойынында Бәйгенің бәсі жоғары

Бүгін – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні. Таңмен «Қазанат» ипподромында Бәйге жарыстары басталса, Теңге ілу, Ордо ойындары жалғасын таппақ.

Бәйгенің қорытындысы бойынша, 2400 метрлік ұшқыр бәйгеде Асланбек Байкенов тізгіндеген Берил Рэйсер сәйгүлігі мәреге бірінші болып жетті. Иесі – Бахтияр Байзақов. Екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді.
Ұшқыр бәйгенің 2,4 шақырымдық кезеңіне Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан атынан 5 сәйгүлік шапты.

Лайф’сЭБриз – 3200 метрлік ұшқыр бәйгенің жеңімпазы. Мырзабек Каппушев тізгіндеген сайгүлік – Лайф’сЭБриз мәреге бірінші болып жетті. Иесі – Нұржігіт Табылдиев.
11 шақырымдық құнан бәйгеде Әмір Серік тізгіндеген Қамысқұлақ сәйгүлігі мәреге бірінші болып жетті. Иесі – Нұржігіт Табылдиев.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы жайлы болжамын айтты.
«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тізіміндегі 21 спорт түрінің 17-сі өз мәресіне жетті. Қазіргі нәтиже бойынша 33 алтынға қол жеткіздік. Негізгі жоспар 40-41 алтын болған еді. Бүгін, міне, бәйгеден 3 алтын алдық, әлі де толықтырамыз. Ордо, теңге ілу, құсбегілік бар, тағы да алтын аламыз деп ойлаймын», – дейді Б.Сәбитов.
Фотосуреттер видеодан скриншотталды