Басты бет » Жаңалықтар (страница 9)

Жаңалықтар

Қазақ бишісі Германияда өткен хореографиялық байқауда алтын медаль еншіледі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды. Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты екі би нөмірін ұсынды. 800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты

Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Президентке «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары, Citix компаниясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика секторына инвестор тарту тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыруға арналған «eAkimat365» ақпараттық жүйесі туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми ...

Толығырақ »

«1 млн теңге беріледі»: Жастардың әлеуметтік жобасына қандай талап қойылады?

Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Zhas project әлеуметтік жобаларына қойылатын талаптарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   Сурет: almaty.tv «Жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы тиіс. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және оның ішінде жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді ...

Толығырақ »

Димаш Құдайберген — БҰҰ Көші-қон агенттігінің аймақтық ізгі ниетті елшісі

 15 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын хабарлады. Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген ХКҰ-ның аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды. Бұл туралы Dimashnews.com сайты жазды.  Сурет: dimashnews.com ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. ХБҰ ...

Толығырақ »

Үкімет басшысы Олимпиада жеңімпаздарын қабылдады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті. Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтады. Премьер-Министр бұл Қазақстанның жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтыны екенін атап өтті. Жалпы медаль саны ...

Толығырақ »

Елбұзар сайт бұғатталды!

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ қазақстандық сайтын бұғаттағаны белгілі болды, деп хабарлайды «KazFace.kz». Сурет: Mezgil.kz ЛГБТ сайты бұғатталғанға дейін басты бетінде мынадай мазмұндағы жазбалар болады: «Selftanu.kz» бұл — ЛГБТК+ жасөспірімдер мен өзін-өзі түсінгісі келетіндерге арналған жоба». Аталған сайттағы мақалалар мазмұны Қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға арналған ЛГБТ+ жасөспірімдер сайты елімізде алғаш тіркелген күні көпшілік «қарсымыз» ...

Толығырақ »

Денсаулық сақтау министрі хромтаулық дәрігерлерге алғыс айтты

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жедел жәрдем қызметкерлерінің қажырлы еңбегін атап өтті. Ол туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айнайы жазба қалдырды. «Кез келген ауа райында, аяз бен боранда, жол жоқ жерде жедел жәрдем бригадалары төтенше жағдайларға қарамастан адамдардың өмірін сақтап қалу қажет миллиондаған шақыртуға қызмет көрсетеді. Осындай батырлардың қатарында – Хромтау ауданының жедел ...

Толығырақ »

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВҚА АРНАЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАЙДЫ

Алматы мелекеттік қуыршақ театры ағымдағы жылдың ақпан айының 15-і күні қазақстандық боксшы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановтың батыл рухына арналған «Чемпион» қойылымының премьерасын театр сүйер қауымның назарына ұсынады. Арманға деген адалдық, мақсатқа жету жолындағы қажырлы еңбек, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті насихаттайтын қойылым жас жеткіншектерді қайсарлыққа, өжеттілікке, батылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Қуыршақ театры сахнасында тұңғыш рет ұсынылатын қойылымның ерекшелігі – болмысы бөлек ...

Толығырақ »

Журналист Жанар Байсеміз сүйінші жаңалықпен бөлісті

Фото: astanatv.kz «Бұйырса шетелдегі қазақ балалары Қазақстанға келеді! Қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі. Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шетелдегі Қазақстан Республикасының елшіліктеріне жолдаймыз. @sheteldegi_qazaq_balalary жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын!» – деп жазды журналист, «Шетелдегі ...

Толығырақ »

Айкидо: Ресейде өткен «Қысқы форум»

26-28 қаңтар күндері Ресейдің Самара қаласында жапон жауынгерлік қорғаныс өнері айкидо айкикай бойынша «Қысқы форум» өтті. Оған Мәскеу және Мәскеу облысы, Нижный Новгород, Рязань, Челябинск, Ульяновск, Тольятти, Новокуйбышвск, Самара қалаларымен қатар, Қазақстаннан Орал қаласының да айкидошылары қатысты. Жүзге жуық қатысушысы бар форумда балалар және ересектер болып екі топқа бөлініп, айкидоның түрлі тәсілдерін жаңа қырынан танып, орындалу барысына мән бере жаттықты. ...

Толығырақ »