Болгарияда көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Jastar janary.
Сурет: olimpic.kz
Әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша өткен финалдық кезеңде қазақ гимнастшысы Ақмарал Ерекешева доппен өнер көрсетуде алтын медаль иеленді. Осылайша, отандасымыз доп жаттығуында алтын медаль иеленсе, шеңбер жаттығуында күміс жүлде жеңіп алды.
Доппен көрсеткен өнері арқылы Ақмарал 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса, шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпаймен күміс медаль еншіледі.