Басты бет » Жаңалықтар (страница 113)

Жаңалықтар

Криминалист

2021 жылғы 2 қарашада Орал қ. ПБ-ына хабарласқан бір азамат пәтерінен қымбатқа бағаланатын ұялы телефонының ұрланғаны туралы хабарлады. Ұрлық орын алған мекен-жайға Абай полиция бөлімінің жедел тергеу тобы дереу жетті. Полиция қызметкерлері, дәл осы күні сағат 14.15 пен 15.30 аралығында Чагано-Набережная көшесіндегі бір үйге кірген белгісіз тұлғаның ұрлыққа түскенін, үй иесінің айтуынша корпусы қара түсті «Самсунг-Галакси» маркалы ұялы телефонын ұрланғанын ...

Толығырақ »

Қазақтың батыр қыздары

Айбике ару Айбике ару Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Оның қоластында бірнеше тыңшы, барлаушылары болған. Ол ұзақ жылдар бойы «қолға түскен күң» бейнесіне еніп, қалмақ қонтайшысының ордасында күтуші болады. Жаудың күші мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек пен Қыпшақ Тілеулі батырларға астыртын құпия хабарлар мен мәліметтерді жеткізіп отырады. Ержүрек қыз Айбике ...

Толығырақ »

Оңтүстік Кореяда бизнес ашқан қазақ қызы Галина Әлімова: «ШЕТ ЖЕРДЕ ЖҮРГЕНДІКТЕН ӘРДАЙЫМ «ЛИДЕР» БОЛУҒА ТЫРЫСТЫМ»

Оңтүстік Кореяда косметика бизнесінің негізін қалаған Галина Әлімова өзінің студенттік шағы мен бүгінгі таңдағы кәсіпкерлік қызметі туралы ой бөліседі. – Студенттік шаққа «билет бар». Бірге саяхаттап, студенттік кезеңге барып қайталық? Қайда оқыдыңыз, қандай мамандық иесі атандыңыз? –    1996 жылы Satbayev University, яғни Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Бағдарламашы» («Программист») мамандығын алып шықтым. Және Polytechnic College, Алматы мемлекеттік ...

Толығырақ »

АБАЙДАН ҚАЛҒАН ӨСИЕТ

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. 2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. 4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. 5. Әкесінің баласы — адамның дұшпаны. Адамның баласы — бауырың. 6. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез ...

Толығырақ »

80 мың студентке жатақханаға жетіспейді

Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары студенттер жатақханасы мәселесін көтерді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өзінің instagram парақшасында жазба қалдырды. Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді». «Еліміздің тірегі – жастар», «Жас келсе, іске!» деп ұрандатып жатамыз. Дегенмен, сол жас студент үшін жатақхана мәселесі шешімін табар емес. Cтуденттің сапалы білім алуы үшін, оның жатақханамен қамтамасыз ...

Толығырақ »

ЛОНДОНДА ҚАЗАҚ МЕКТЕБІН АШҚАН ӘСЕЛ

Англияда тұрып жатқан Әсел есімді қазақ қызының шет мемлекетте қазақ тілін үйрету мектебін ашқандығы туралы Жолымбет Мәкіш есімді желі қолданушысы өзінің Facebook парақшасында жазыпты. «Англияға кеткен Әcел дейтін павлодарлық қарындасымыз Лондоннан қазақ мектебін ашыпты. Лондонда қазір бес мыңдай қазақ тұрады екен. Олардың ішінде Қазақстанға қайтып келетіндері де бар, сол жаққа біржола көшіп кеткендері де бар. Бірақ бәрі балаcын қазақша оқытқысы ...

Толығырақ »

Желтоқсанның шындығы әлі ашылады

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында милиция Генералы М.Д. Қалматаев : «Мынау не сұмдық, мұны тоқтатпайсыз ба? Фашистер де бұлай істеген жоқ!» Елі үшін, Халқы үшін өлімге жанын беруге дайын болған нағыз патриот Генерал ағамыз! Колбин: «Мен сенің көзіңді құртамын!» деп 50 жастағы генерал Калматаевті Ауған соғысына аттандырып жібереді. Ауған соғысына жасы 35-тен асқан офицерлерді жібермейді. Ауған соғысына қатысқан жалғыз қазақ — генерал ...

Толығырақ »

«Elorda Jastary» жастарды баспанамен қамтиды

Сурет: tproekt.com Бас қаламызда жастарға арналған «Elorda Jastary» атты арнайы тұрғын үй бағдарламасы жақында іске қосылады. Жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру тұрғын үй бағдарламасы елорданың жас мамандарына арналған. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салалары, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, полиция департаменті, ТЖД қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлері және ...

Толығырақ »

Жоғалған әмиән

Бір адам көшеден ақша толы әмиән тауып алады. Сол кезде оның отбасы қаражаттан қатты қиналып, тұрмыста тарығып отырған еді. Алайда ол тапқан олжасына бір қарағаны болмаса, ішіндегісіне саусағының ұшын да тигізбейді. Әмиәнді қалтасына салып қояды. Үйіне келсе, сол қара су мен қара наннан өзге талғажау қыларлық дәнеңе жоқ. Ол тапқан олжасын ойлап, бірер ақшасын алса қайтер еді деп қиналады, алайда ...

Толығырақ »

Төрегелді ШАРМАНОВ: «Сол бір ғана сәт менің өмірім мен тағдырымды түгелдей игеріп әкетті»

Төрегелді  Шарманов, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының президенті:   Қарағанды медицина институтында 2-ші курста оқып жүрген кезім. Кітап дүңгіршегінде кезекте тұр едім, алдымдағы қос бұрымын арқасына жіберген қыз маған жалт қарағанда жүрегімді тіліп өткендей. Міне, сол бір ғана сәт менің өмірім мен тағдырымды түгелдей игеріп әкетті. Есіл-дертім кетіп ғашық болдым. Күлзиям бізде 1-ші курста оқыды. Орыс мектебін бітірген, ал ...

Толығырақ »