Басты бет » Жаңалықтар » ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

  Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 848 оқытушы-профессоры мен қызметкері және 135 студенті қаржылай көмек көрсетті.

Жиналған қаражат Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорына және «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылды.   Мұнан бөлек, бас оқу ғимаратында қабылдау пунктін ашып, қиындыққа тап болған халыққа оқу орны атынан азық-түліктер, киім-кешектер және тұрмысқа қажетті заттар жиналды.

Облыстық жастар ресурстық орталығы жанындағы қабылдау пунктіне жеткізілген көмектің бірінші легі Ақтөбе облысына жолданды. Университет жалпы салмағы 1 тонна 161 келі заттай көмек көрсетті. «Университетте қабылдау пунктін ашудағы басты мақсатымыз – қиындықта қалған отбасыларға демеу болу», – деді әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай.