Басты бет » Жаңалықтар » Спатифиллум қандай гүл?

Спатифиллум қандай гүл?

Спатифиллум бүгінгі таңда 45 түрі белгілі.

Ол тропикалық Америка, Филлипин аралдарында, Колумбия мен Бразилияда кең таралған. Біздің елде бөлме өсімдігі ретін де өсіріледі. Ол көбінесе «Әйел бақыты» деген атпен белгілі. Бұл аялы алақанға ұқсайтын гүлдеріне байланысты болуы мүмкін. Гүлдерінің түсі ақ, ұзындығы шамамен 7-12 см болады. Гүлдері ұзын сабақ басында орналасады. Көктемде екі аптадай гүлдейді. Жаздың аяғында екінші мәрте, қыста үшінші рет гүл жарады. Солған гүлдерін түбінен кесіп тастап отыру керек. Гүлдегеннен кейінде спатифиллум үлкен жапырақтарымен әдемі көрінеді.
Жарығы: Жарық жерде өскенді ұнатады.
Жылуы: Көктеммен жазда 22- 23 С, қыста 18 С-ден төмен болмағаны жөн.
Суарылуы: Гүлдеу кезінде молынан басқа уақытта сирек суарылады.
Ылғалдығы: Ылғалдылықты көп қажет етеді. Су бүркумен қатар, түбіне үнемі су құйып тұру қажет.
Қоректендірілуі: Наурыз айынан қыркүйек айына дейін минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі.
Аурулары: Түбегі тым үлкен болса гүлдемей қалады. Ылғалдық аз болса жапырақтарының ұшы сарғайып, қурап қалады.
Көбейтілуі: Қалемше немесе түбін бөлу арқылы көбейтіледі