ЕНШІ

Енші – ата-ана мүлкінің балаға тиісті үлесі

⚜ Қазақтың әдет-ғұрыпы бойынша қыздардың әке мүлкіне мұрагерлікке құқығы жоқ деп есептелінген. Бұған тек ұлдар, дәлірек айтқанда, кенже ұл ғана құқылы болған.
⚜ Бұл бір жағынан дұрыс, бірақ ескеретін жәйттар бар.
⚜ Барлық балалар, соның ішінде қыздар да әкенің мүлкінде үлеске ие. Оның үстіне қыздар өз үлесін екі рет алады. Үлкен ұл-қыздарға өз үлесі әкесі қайтыс болғаннан кейін емес, неке кезінде беріледі. Ол енші деп аталады.
⚜ Дәстүрлі қазақ отбасында балалар иерархия заңы бойынша, үлкендігіне қарай үйленеді. Үлкен ұл шаңырақ көтергеннен кейін бірден ата-ана ошағынан бөлек тұруға құқылы болады. Әкесі баласына өз мүлкінің бір бөлігін – малды, қалыңдықтың қанжығасын, киіз үйді, яғни жеке шаруашылыққа керектің бәрін бөліп беруге міндетті. Бөлінудің мөлшері үлкен туыстар жиналысында анықталады. Бірақ үлкен ұлға одан көбірек үлес беріледі, ол тезірек аяғына тұрып, басқа ағайындарға көмектесу үшін. Егер әкесі еншіні кешіктірсе немесе ешбір себепсіз баласына беруден бас тартса, туыстары ұлына тиесілі малды оның белгісімен (ен) өз бетінше белгілеуге және бұл малды жаңа жайылымға айдауға көмектесуге құқылы болған.
⚜ Қыздарға келсек, оның да еншіге толық құқы бар. Ол тұрмысқа шығатын кезде өз үлесінің басым бөлігін жасауы түрінде алады. Бұрындары қыз жасауына тек үй ыдыстары мен киім-кешектері ғана емес, сонымен қатар мал, киіз үй, тіпті қызметшілер де (мүмкіндіктері болса) кіретін. Сондықтан қыздардың жасауы туғаннан жиналған.
⚜ Еншінің екінші бөлігін қыз босанғаннан кейін алады. Көне дәуірде қыздың ұлы нағашының заңды мұрагері болған. Жиеннің бұл құқы рудиментті түрде Жиенқұрық салтында қалды. Бұл салт бойынша жиен (қыздың баласы) нағашы атасының немесе ағасының кез келген мүлкін үш рет алуға құқығы бар. Жиеннің бұл құқығы Жеті жарғыда жазылған.
⚜ Осылайша, әрбір бала әкесінің тірі кезінде мұрадан өз үлесін алады және қайтыс болғаннан кейін қалған мұраны талап етпейді, ал қалғаны ата-анасымен бірге тұратын кенже ұлына қалады.
Дереккөз: @kazakh_philosophy