Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 66)

Архив блога

Қазақстанда TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

Биыл алғаш рет түркітілдес елдер арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Jastar janary. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтетін негізгі іс-шаралардың біріне айналмақ. Бастама түркітілдес елдердің жастары мен студенттері арасында кәсіби шеберлікті дамыту мен ілгерілетуге, түрлі салалардағы үздік тәжірибелерді анықтауға, экономикасы өзара байланысқан елдермен инновациялық ...

Толығырақ »

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА: ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада ел намысын қорғайтын қазақстандық студенттердің есімдері белгілі болды. Жарыс 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтеді.   Фото: baq.kz Команда құрамында 10 спорт түрі, соның ішінде биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша еліміздің атынан өнер көрсететін 103 спортшы ...

Толығырақ »

Желі де тараған заманауи беташар көпшіліктің наразылығын тудырды

Әлеуметтік желіде жастардың заманауи түрде өткізген беташары сынға қалды, деп жазды Jastar janary.Бұл туралы Ума Оспанова есімді желі қолдаушысы әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап: «Қалыңдықтың қалауы, беташар барлығы заманауи стильде. Жас жұбайлардың тойындағы салт-дәстүрге қатысты пікірлеріңізбен бөлісіңіздер», – деп жазды. Бірі қолдаса, енді бірі қазақтың ежелден келе жатырған салт-дәстүрін бұзды деп пікір қалдырушылар екі тарапқа бөлінді. «Мен креативті қолдаймын, бірақ ...

Толығырақ »

Жас әнші Ержан Максим SANREMO BEST SONG 2025 DUBAI халықаралық әншілер байқауында бас жүлде иеленді

Дубайда өткен «SANREMO BEST SONG 2025» халықаралық ән байқауда жерлесіміз, жас әнші Ержан Максим бас жүлдеге ие болды. «SANREMO BEST SONG 2025 DUBAI халықаралық әншілер конкурсын бағындыру бұйырған екен қадірменді ағайынЕндеше ерекше сезіммен осы жеңісімді барлық менің өнерімді бағалап,осы күнге дейін мені қолдап жүретін қазақ еліме басымды иемін!!! Бірақ, осы жолы бесіктен осы күнге мәпелеп өсірген,өнеріме бар өмірін арнаған анам ...

Толығырақ »

ҚУЫРШАҚ ӘЛЕМІНІҢ ШЕБЕРІ БАҚЫТЖАН ҚАЮОВ – 50 ЖАСТА!

Қуыршақ театры – қоғамның мәдени және рухани өміріндегі ерекше құбылыс. Ол тек ойын-сауықтың бір түрі емес, көрермендердің санасына ізгілік, мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін өнердің маңызды саласы. Бүгінгі таңда балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда, ал ересектер үшін терең философиялық ойлар мен ұлттық құндылықтарды жеткізуде қуыршақ театрының маңызы зор. Ұрпақтан-ұрпаққа рухани байлықты жеткізіп, қоғамдағы мәдени мұраның сақталуына ...

Толығырақ »

Ақгүлім ҚОНЫСБЕК, «Арман» құрамасының мүшесі: «ЖАЙДАРМАННЫҢ» ӨМІРІМДЕГІ ОРНЫ ЕРЕКШЕ

«Жайдарман» – бойында дарыны, қабілеті бар талантты жастардың ордасы. Астарлы әзіл арқылы елдегі өзекті мәселелерді көтеріп, өнер мен мәдениетімізді дәріптеп келе жатқан «Жайдарман» – талантты жастарды қанаттандырған әзіл шаңырағына айналды. Бүгін «Жайдарманда» өнерлерін паш етіп, халыққа шынайы күлкі сыйлап жүрген қыздардан құралған «Арман» командасымен таныстырмақшымыз. «Арман» құрамасы осыдан 1 жыл бұрын құрылған. Қыздардан ғана құралған команданың мүшелерінің барлығы – студенттер. ...

Толығырақ »

Астанада алдағы демалыста жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді

Астанада 11 қаңтар күні жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Өтетін орны – Ботаникалық саябақ. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сол күні күні сағат 08:30-10:00-ге дейін өтеді. Жарыстың басталуы сағат 10:00-де. Финиш сызығында қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі. Жаппай жүгіруге кез келген адам қатыса алады.

Толығырақ »

Әсия БАҒДӘУЛЕТ: Шерзат Полаттың әулеті үшін бұрынғыдан да қорқа бастадым

Журналист әрі мәдениеттанушы Әсия Бағдәулет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаскүнемдер қолынан 16 жасар Шерзат Полаттың отбасына қатысты пікір білдіріп, жазба қалдырды, деп хабарлайды Jastar janary. «Шерзат Полаттың әулеті үшін бұрынғыдан да қорқа бастадым. Қаңтар оқиғасы кезіндегідей, биліктің пікірі бет бақтырмайтын, анық позиция. Жапа шеккенді жазалау, қалай да кінәлі ету, озбырлық деуге болады. Мүмкін Шерзатты өлтіргендердің бірінің болмаса бірінің ағайын-туыс не ...

Толығырақ »

Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды.  Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда 2022–2024 жылдарға арналған «Алматы IT-экожүйесін дамыту» үш жылдық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба смарт-қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттарда IT-экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған. MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Тартылған инвестициялардың жалпы ...

Толығырақ »

Президент Студенттер үйіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды. Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсысы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған. Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі ...

Толығырақ »