Омбы қаласында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай Отандастар қоры ұйымдастырған «Әлқисса» халықаралық онлайн домбыра байқауының жеңімпазы марапатталды.
Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы бірінші орын алған Омбы облысы, Исилькуль ауданынан келген Сұлтан Искаковты арнайы құттықтап, сыйлығын табыстады.
Ұлттық өнерді ерекше ықыласпен орындаған Сұлтанға MacBook ноутбугі, жеңімпаз дипломы және қазақ музыкалық мәдениетіне арналған құнды кітап тарту етілді.
Домбыра үні әрдайым биіктен шырқалсын!
@otandastar