9 мамыр күні Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы өтті.
Бұл әсерлі көрініс мерекенің келбетін айшықтай түсті. Осы сәтте 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады.
Көкте «Жеңіс күні кұтты болсын!», «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» деген жазулар жазылып, Кеңес одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәшүк пен Әлияның кескіндері, ұшқан құстар бейнеленді.