Басты бет » Жаңалықтар » Шорттрекші Әділ Ғалиахметов шаңырақ көтерді

Шорттрекші Әділ Ғалиахметов шаңырақ көтерді

Қазақстандық шорт-трек спортының жарқын өкілі Әділ Ғалиахметов шаңырақ көтерді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мешітте неке қидырған сәтінен фотосуреттер жариялап, жазба қалдырды жариялады, деп хабарлайды Jastar janary.

«Ең әдемі жерде, ең жақын адаммен. Алланың қалауымен өмірдің жаңа тарауы басталды», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, қазақстандық шорттрекші Әділ Ғакиахметов – ұлттық құраманың мүшесі және шорт-тректегі ерекше мәнерімен танымал #AdilStyle стилінің авторы. Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарып, алтын еншілеген еді. Сол бәсекеде Әділ бірінші болып мәреге бірінші болып келіп, құраманың жеңіске жетуіне айқын үлес қосқан болатын.