«Мен кейде дəрменсізбін, жігер сөзін жазуға». Мурат Сояк, түрік ақыны Жақсы адамым-ау!… Аласармас асқар тауым-ау!.. Не істей алам? Жаным, жүрегім, жанарым дəрменсіз. Сізге жігер бере алмай, сізді қолдай алмағаныма налимын. Өзгесін қайдам, өзімнің өз ісіме көңіл толмады. Жаныңызға бір жаққұт сөзді айта алмағаныма қапамын. Жаныңыз сұңқар құстай -нəзік еді. Таза еді… Жан-жүрегіңіз жара болды-ау… Неге жұрт?! … Əзіз атыңыз бен ...
Толығырақ »Архив блога
«Түсімде бақыт көрдім, өмір екен…»
Айнабек Бисенғалиев – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Қадырқұл ауылында дүниеге келген. Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж түлегі. Жастайынан өлең-жырға құмартып өскен Айнабек жазба ақындығынмен қатар, суырып-салма айтыскерлігімен де танылып жүр. Өлеңдері жыр мүшәйраларында жүлдеге іліксе, айтыскер ретінде де жыр додаларында биіктен көрініп жүр. Көптеген облыстық, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері. Бүгін Айнабектің бірнеше жазба туындыларын оқырман назарына ұсынып ...
Толығырақ »Әділетсіздікке қарсылық
немесе Қасіретті жеңген махаббат Желтоқсан бірде, ел тоқсан түрде. Келетін мүлде жайдарлы. Сол жылы бірақ, әдеттен жырақ, Көрінді шын-ақ айбарлы. 1986 жылғы желтоқсанды ақындар осылайша жырлады. Расында да, сол жылғы желтоқсан қысқы ызғарын ғана төгіп қоймады. Жанға жара салды. Сан мыңдаған жасқа қасірет шектірді. Сол күндерде ерлерге қоса қазақ қыздарының көрсеткен қайсарлығы бүгінде көпке үлгі. Әділетсіздікті жеңген аруларымыз махаббаттарына да ...
Толығырақ »Жүрек сыры
(Үзік сырлы хикаялар) Жалғасы Қарғалар, Жан қажар. Қарқылдап, Қарға аунар. Жамандар, Жан қажар. Өсекпен, Қол бұлғар. Грузин халқының халық əні Шыңдағы қырандарды күндеуге əркез əзір қарға деген қауымға таң боласыз ба? Қаңтардың бүгін ортасына жеттік. Осы мезгілде біз жақта қарғалардың қарқылы күшейеді. Терезенің алдында көп отырамын. Содан шығар, қарғалардың жайын елден ерек білетінім. Əжем ылғи «қарға қара суықтан хабар айтады ...
Толығырақ »Жұмагүл Мұрсалова. ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ
Жұмагүл Мұрсалова 1990 жылы 15 маусымда Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. 2012-2015 жылдары Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарып, аудандағы түрлі мәдени шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Көптеген облыстық және республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. МЕН КІММІН? Келбетінен көркемдігі ...
Толығырақ »Сүйікті сөмкеңіз шашыңызға зиян келтіруі мүмкін
Осы материалды оқығаннан кейін жүрегіңізге жақын аксессуарларыңызды тексерістен өткізіп алыңыз. Шаштың уақыт өткен сайын сиреп кету себебін мамандар, әлбетте, күйзеліс, ағзаға ақуыздың жетіспеушілігі, жүктілік деп түсіндіреді. Алайда, қарапайым әйелдер сөмкесі немесе рюкзактің шаштың түсуіне әкеліп соғатынын көпшілік біле бермейді. Жергілікті басылымдардың бірінде жарияланған испандық стилистердің жеке бақылауы сұлулық индустриясында резонанс туғызды – иығымызға асып жүретін үлкен сөмкелер шашымызға кәдімгідей зиян ...
Толығырақ »Пальтоны немен киген жөн?
Джинс шалбары, кең шалбар немесе былғары белдемше – пальтоға үйлесімдісін таңдаймыз Пальто – әмбебап базалық киім, алайда street style хроникасының батыл әйелдері күнделікті гардероб туралы ойды өзгертетін жаңа, тосын үйлесімді ұсынады. Әйелдер пальтосын заман талабына сай немен үйлестіріп киюге болатынын өте сәтті шыққан үлгілер негізінде таңдап алдық. ДЖИНС ШАЛБАРМЕН Қысқартылған джинс шалбарлар төңірегіндегі дау әлі толастар емес. Сізде де ...
Толығырақ »Әбілмансұр СЕРІКОВ, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жас актеры: «ТӨЛҚҰЖАТЫМ БОЛАТЫН РӨЛДІ ӘЛІ ТАПҚАН ЖОҚПЫН»
Адами парасатқа тамыр жіберген режиссер туындыларын тірілтетін актёрлер қауымының ой-түйсігі де ерекше болады. Өнерімен елге танылған жас актёрмен болған сәулелі сырласуды оқырман назарына ұсынамыз. – Туып өскен ортаңыз, отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз… – Мен 1991 жылы Алматы қаласында өмірге келдім. Ол кезде ата-анам Қазақ ұлттық өнер академиясында оқитын. Студенттер перзентханасында дүниеге келген баламын (күлді). Анам мені туғаннан кейін 20 күн ...
Толығырақ »Анаға хат!
Төрткүл дүниедегі ең қасиетті де қадірлі адам, жер бетіндегі барлық биік шыңдардан да заңғар тұратын сен ғанасың, теңдесі жоқ асыл анам! Әлемді алақаныңа салып тербейтін де, мәпелейтін де өзіңсің! Ешқашан қажымайтын, әрқашан жанымнан табылатын ардақты жансың. Мен сізді қатты жақсы көремін, алайда менің балалық махаббатым сіздің аналық сезіміңіздің жанында түкке тұрмайды. Мен сені бір сәт көрмесем, жан-жағыма қарайлап, жаутаңдаймын, мейірімін ...
Толығырақ »Арна беделі жұлдыздарға қарап тұр ма?
Теледидардан Президентімізді алғаш көріп қуанғаным ешқашан есімнен кетпейді. Отбасымызбен кешкі жаңалықтарды қарап отырып, В. Путин мен біздің елдің басшысы кездесіп жатқан сюжетті тамашаладық. Бәріміз шуласып, Нұрсұлтан атамызды нұсқап, «әне, әне, біздің Прездидент!» – деп айқайлағанымызды білемін. Кіндік қаным алғаш тамған жер – Ресей Федерациясының Астрахань облысы, әлбетте, шекарада тұрған соң ауылымыз өз ауданымыздан гөрі Ресейге жақын еді. Ал өзге ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы