Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 23)

Архив блога

ШЕКСПИР ФЕСТИВАЛІ: Еуропа көрермені қазақ қуыршақ театрын қошеметпен қарсы алды

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Румыния мемлекеті Крайова қаласында өткен әлемдік деңгейдегі «The Craiova International Shakespeare Festival» фестивалі аясында ересектерге арналған «Ромео мен Джульетта» спектаклін ұсынып, еуропалық көрерменнің жоғары бағасына ие болды. «The Craiova International Shakespeare Festival» – ұлы драматург Уильям Шекспирдің шығармашылығын заманауи тұрғыда қайта пайымдауға, театр өнерін дамытуға және халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған беделді өнер алаңы. 1994 жылдан бері ...

Толығырақ »

Жастар кітап оқымайды: Шындық па әлде миф пе?

Сурет: kazgazeta.kz «Қазіргі жастар кітап оқуды қойған» дейтін аға буын үшін жастар мен кітап ұғымдары бір-біріне қарама-қайшы секілді. Ақпараттық технология, әлеуметтік желілер, TikTok пен тренд қарқынды дамып тұрған бүгінгі күні осындай ойдың тууы да түсінікті. Дегенмен бұл пікірдің дұрыс емесін, қоғамдық санада қалып қойған стереотиптердің бірі екенін айтқымыз келеді. Жастар кітап оқи ма? Оқығанда қандай! Кітап оқудың форматы, шығарма жанрларының ...

Толығырақ »

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты. Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды. Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді. Жеткіншектер Қазақстан ...

Толығырақ »

«BIR TOLQYNDA»: Талдықорғанда жастар бас қосты

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында өңірдің белсенді жастарын біріктірген «BIR TOLQYNDA» кездесуі өтті. Іс-шараның қонақтары әрі спикерлері қатарында «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төраға орынбасары Ержан Хамитов, танымал кино продюсері, режиссер әрі актер Ерлан Қасымжанұлы, психолог, блогер және қоғам белсендісі Әсем Қалибек, Жетісу телерадиосының үздік жүргізушісі Сымбат Саттарқызы, «Назар серілері» тобының продюсері әрі кәсіпкер Ерасыл Базарханов, кәсіпкер-блогер Ажар Каримова және ұстаз, кәсіпкер, ...

Толығырақ »

ҚИЫНДЫҚТА ШЫҢДАЛҒАН ТАҒДЫР

Ақбота ҚУАТЖАН Үлкен атам бойындағы асыл қасиеттерді перзенттерінің санасына сіңіріп, оларды еңбекті қадірлеуге және Отанды шексіз сүюге баулыды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналықтың айқын мысалы – осы Сұлташевтар әулеті. Әке қанымен дарыған еңбекқорлық пен табандылық балаларының бойынан ерте көрінді. Ұлдары Бекен атам мен Мұрат атам механизатор мамандығының қыр-сырын жетік меңгеріп, совхоздың маңдайалды шоферларына айналды. Олар шаруашылықтың ең ...

Толығырақ »

JASTAR TALKS: Астанада колледж студенттерімен кездесу өтті

Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай колледж студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.   Фото: Астана қаласы әкімдігінің сайтынан Іс-шара жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттердің алдын алу, волонтерлік қозғалысты дамыту және жастардың экологиялық мәдениетін, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Кездесу барысында, алдымен колледж студенттеріне жол қозғалысы бойынша ережені сақтау ...

Толығырақ »

Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні қалай тойланады?

 Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде ересектерге де, балаларға да арналған қызықты әрі мазмұнды бағдарламасы бар мерекелік іс-шаралар өтеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасады. Бұл жолы Астанада мерекеге ерекше дайындық жүріп, бағдарлама жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше бағытқа бөлінді. Бұл балалар мен жасөспірімдердің барынша көп қатысуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jastar janary Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Фото: Астана ...

Толығырақ »

САЙРАНБЕК САЛҒАН «ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫ»

Жалпақтал төрінде бой көтерген биіктігі 30 метрлік Эйфель мұнарасы бүгінде ел назарын өзіне аударып үлгерді. Бірнеше күннен бері бұл туынды туралы әлеуметтік желіде айтылып та, жазылып та жатыр. Көз сүйсіндіріп, көңіл қуантқан ерекше нысан туған жердің мәртебесін асқақтатып, көптің ықыласына бөленіп келеді. Аз уақыт ішінде ауылдың аты алысқа тарап, түлектердің төбесі көкке жеткендей әсер қалдырды. Алайда көпшілікті таңғалдырған бұл туындының ...

Толығырақ »

McDonald’s: Жас кәсіпкерлер бастаған бизнес

Танымал фастфуд желісі McDonalds туралы естіген боларсыз. Ағайынды Макдолнальдтар бастаған бизнес бүгінде кеңінен қанат жайып, жер жүзіне таралды. Жас кәсіпкерлерге мотивация беру мақсатында бұл брендтің тарихына тоқталуды жөн көрдік. Фото: nationaltoday.com Үлкен компанияның негізін салған ағайынды Ричард және Морис Макдональд бірден мұндай табысқа қол жеткізбеген. Олар алдымен өздерінде бар аздаған қаржыға кинотеатр ашқан. Алайда халықтың аз келуіне байланысты бизнестері дами ...

Толығырақ »

DOSTI Skills Kokshetau 2026: Көкшетауда 5 елдің жас инженерлері бас қосты

Көкшетауда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған халықаралық DOSTI Skills Kokshetau 2026 чемпионаты басталды. Ауқымды дода кәсіптік және техникалық білім беру саласының өкілдерін, халықаралық сарапшыларды және жас мамандарды бір алаңға жинады. Биыл чемпионатқа Қазақстаннан бөлек Австрия, Жапония, Әзірбайжан және Сауд Арабиясынан қатысушылар келді. Олар «Электроника», «Автономды мобильді робототехника», «Прототиптеу» ...

Толығырақ »