«Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ел аумағында «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясын бастады. Бүгінде акция Шымкент қаласында, Абай, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткізілді. Оның барысында жастар қанатының волонтерлері аға буын өкілдеріне қол ұшын созып, жан-жақты қолдау көрсетуде. Акция барысында волонтерлер ардагерлерге көмек көрсетіп қана қоймай, олармен етене араласып, жылы қарым-қатынас орнатуда. Мұндай кездесулер аға ...
Толығырақ »Архив блога
«Үздік жас отбасы – 2026»: Отбасы құндылығын насихаттауға бағытталды
Астанада Отбасы күніне орай берекелі отбасы құндылықтарын насихаттау, жас жұбайлардың қоғамдық белсенділігін арттыру және қоғамға үлгі болар отбасыларды таныту бағытында «Үздік жас отбасы – 2026» байқауы өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас отбасылардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, сондай-ақ олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін таныту мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысуға биыл 120-ға жуық жас отбасы өтінім берсе, іріктеу нәтижесінде олардың арасынан 10 отбасы финалға ...
Толығырақ »Студент болдым, мінеки!
Біз жыл сайын студент атанып, үлкен өмірге қадам басып жатқан жас тілшілеріміз бен авторларымызды газет бетіне мақтана жазамыз. Биыл да жас достарымыз тестілеу мен шығармашылық емтиханнан сәтті өтіп, үздік университеттердің студенті атанып жатыр. Ендеше олардың есімін бірге білейік. Әмина Тұрдақын – Талғар ауданындағы №33 мектептің түлегі. Газетке 8-сыныптан бері хат жазып, редакция өткізетін барлық іс-шараға белсене қатысады. Әмина өте шығармашыл ...
Толығырақ »Тоғызқұмалақтан топ жарған жігіттер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Кеше Мемлекет басшысы VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Марапат иелерінің арасында жастар мен балалар да бар. Жалпы 60-қа жуық Ұлттық спорттың әр түрінен жеңіс пен жүлдеге қол жеткізіп жүрген майталман спортшылар Президент қабылдауында болып, марапатталды. Солардың арасында тоғызқұмалақтан ұлттық құрама сапында ойнап, көшпенділер ойындарының алтын және күміс жүлделерін қанжығаларына байлаған Ерасыл мен Айдын да бар. Тоғызқұмалақшылар ел ...
Толығырақ »«Студенттік құрылтай» құрылды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде алғаш рет «Студенттік құрылтай» құрылды. Фото: qyzpukz инстаграм арнасы Басты мақсат – студенттер мен университет басшылығы арасында тұрақты диалог орнатып, жастардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Құрылтай аясында ғылым, академиялық сапа, инфрақұрылым, цифрландыру, экология, мәдениет, әлеуметтік мәселелер мен инклюзия, кәсіпкерлік, құқықтық сауаттылық және халықаралық ынтымақтастық сияқты 10 бағыт бойынша арнайы комитет жұмыс істейді. ...
Толығырақ »Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтап, олар Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін атап өтті, деп хабарлады akorda.kz. – Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділеттікке ...
Толығырақ »Жаңа маусым: Қуыршақ театрында қызықты қойылымдар
1935 жылы қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің бастамасымен негізі қаланған Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры өзінің 91-ші маусымын жаңа шығармашылық жобалармен бастамақ. 90 жылдан астам тарихы бар өнер ордасы биылғы маусымда көрермендердің барлық жас ерекшелігін қамтитын, түрлі бағыттағы төрт жаңа спектакльді 15-18 қыркүйек аралығында өткізілетін премьералар апталығы аясында ұсынады. Жаңа маусымның басты ерекшелігі – қойылымдардың тақырыптық және жанрлық алуандығында. Театр ұжымы балаларға ...
Толығырақ »Тәнге түскен таңбалар…
Бүгінгі тақырыптың өзегі болып отырған мәселе – татуировка жайы. Қазір жастар жағы осы бір «бәлеге» үйір боп алды. Денесіне қалаған суретін салдырып, соны бір сән, мәртебе көреді. Татуировка. Бұл сөзді құлағыңыз мың есітіп, көзіңіз жүз көрген болар. Денесіне сурет салынған адамдарды бұрындары көк жәшіктің ішінен ғана көруші едік. Ал қазір батыстан келген үрдіс елімізге де енді. Көшеде татуы ...
Толығырақ »JOLTAP: ҚАНША АДАМ ЖҰМЫС ТАПТЫ?
JOLTAP жобасы – елорда тұрғындарына жаңа жұмысшы немесе цифрлық мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, фриланспен айналысуға немесе өз ісін бастауға көмектесетін ең тиімді әрі қолжетімді бағдарлама. JOLTAP әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және «жалпыға бірдей жұмыспен қамту» қағидатын іске асыруға бағытталған. Басты мақсаты – сұранысқа ие дағдыларды оқыту арқылы халықтың табысын арттыру. Жоба Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, «Адал адам – ...
Толығырақ »Жадыра ШАМҰРАТОВА. Тумаған немере (әңгіме)
Бала кәдімгі бала еді. Үлкендердің арасында не жағдай болып жатқанын анық білмесе де, әйтеуір, әкесі мен шешесінің кикілжіңінің соңы әдеттегіден ұзаққа созылғанын байқаған. Тоң-торыс қабақтың салқыны аядай пәтердің ішін де суытып жіберген. Үлкендер оның бала екенін, миы жетіліп үлгермегендіктен көп нәрсені онша түсіне бермейтінін ескермейтін. Ал оның түсінбегені көп. Ол тіпті папасының бұның мамасына не үшін ашуланып «талақ» деп айқайлағанын, ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы