Басты бет » Көлеңке » «Балға байланған мамандық» немесе құрдымға кеткен қабілет

«Балға байланған мамандық» немесе құрдымға кеткен қабілет

«Ұлы бір күндік төңкерістің» уақыты да таяп қалыпты. Тыпыршыған түлектердің тақымдарын қысатын кездері келді. Қалай өтіп шығамын? Қанша балл аламын? Қайда барамын? Жан жақтан ентелеген сауалдар. Баласымен бірге ата-аналары да жандарын қоярға жер таппай әлек. «Әйтеуір бір грантқа ілігіп кетсін»,- деп грант көп бөлінетін мамандықтарды іздеп, оған қажетті 5-ші пәнді де таңдап қояды. Ол физика, химия сынды техникалық салаға керекті пәндер. Оны сіз де, біз де өте жақсы білеміз. Қазір екінің бірінен аталған пәндерді ұшырастыру қиын емес. Ал баланың арманы қайда қалмақ? Мүмкін, ол техника дегеннің ауылынан мүлдем алыс шығар?! Математиканың машақатын түсіне алмайтын болар?! Грант, грант деп тым шектен тыс шығып кеткен жоқпыз ба?!

Мейлі, грантын алды делік. Ал оны ары қарай оқи ала ма? Мамандығын шын ықыласымен жете түсініп, меңгере ала ма? Оған ешкім бас қатырмайды. «Қолда диплом болса болды, қалғаны өз кезегімен бола жатар»,- дейді. Салдарынан ол диплом сандыққа салынып, шаң басып жатады. Себебі, студент ол салада қызмет еткісі келмейді. Жаны қаламайтын жұмысты қанша күштесең де істете алмайсың. Сосын «жұмыссыздар саны көбейіп кетті, жұмыс жоқ»,- дейміз. Жұмыс қайдан болсын, егер студенттер дипломдарын сары майдай сандықта сақтап, қалаған мамандықтарын меңгере алмаса?

498294

Осылай арманы «балға байланып», қаламаған оқуына «топ ете түскен» студенттердің бірі — Ерлан. Ата-анасының айтуымен, ҰБТ-дан жинаған ұпайымен ойламаған жерден механика мамандығынан бірақ шықты. Ал ол әу бастан халықаралық қатынастарға түсіп, аудармашы болғысы келетін. Алайда, тесттегі төңкеріс оның шешімін лезде өзгертіп, арманына балта шапты. Көңілі қаламай тұрса да үйдегілерінің сеніміне селкеу түсірмес үшін барынша тырысып оқып жатыр. Бірақ, сөзіне қарасақ, болашағын бұл саламен мүлдем байланыстырғысы да келмейді: «Маған ұнамайды. Грант үшін осында түстім. Десе де кейін бәрібір сырттай тағы бір жоғары оқу орнын аудармашы мамандығы бойынша оқып аламын. Механик болмаймын»,-дейді.

slishkom_beden

Иә, Ерлан сынды студенттер жетіп артылады. Алайда оларды да бір жағынан түсінуге болады. Оқу ақысы қымбат. Соңғы статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстан бойынша университет пен академияда бакалавр дәрежесі бойынша білім алудың орташа бағасы 300 000 теңге мен 10 000 АҚШ доллары аралығын құрайды. Ал еліміз бойынша ауылды елді-мекендердегі орташа жалақы мөлшері 58 мың теңгені құрайды. Енді өзіңіз бағамдай беріңіз. Бұндай соманы кімнің қалтасы көтереді?

uPrqlUq8Wxe8X9PMRwB1H9f9Jt9qUQ

«Балам жақсы жерден білім алсын»,-деп «престижді», былайша айтсақ, қымбат жоғары оқу орындарға жүгіреміз. Мәселен, Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және тағысын тағы. Ал бағасына келер болсақ, Назарбаев университетін таңдалған болса, жылына 3 843 000  теңге, яғни 21 000 АҚШ долларын төлеуге тура келеді. Егер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін таңдалса,650 000  теңге мен 710 000 теңге аралығындағы соманы шығарасыз. Ал Қазақ ұлттық университетіне келсеңіз, оқу ақысы 620 000 теңгеден  700 000 теңгеге дейін барады. Мұндай қомақты соманы төлеу үшін ата-ана несие алып, қарызданып, қауғаланып оқу ақысын жабады. Ал төлей алмаса, баласын ауылға, мал айдауға жібереді не студент дүңгіршектерді жағалап, сатушы болады не табақ тасып, даяшыға айналып шыға келеді.

rs_cpa_st_moritz_grand_hotel_les_bains_waiters_in_hotel_dining_room_watch_sonja_henie_ice_skating_1932_by_alfred_eisenstaedt_AA_01_01a-544x418

Сол себепті осындай олқылықтарды болдырмас үшін, менің ойымша, әрбір ата-ана алдымен баласының қарым-қабылетіне, икеміне қарап, бірге отырып ақылдасқандары жөн. Тек содан соң ғана ортақ бір шешімге келіп, мамандықты таңдағандары абзал.

Назым ҚАЙРАТ

Пікір жазу