Басты бет » Жаңалықтар » Сауд Арабия туының элементтері бар Қазақстан туы әлеуметтік желіде ашық сатылымда жүр

Сауд Арабия туының элементтері бар Қазақстан туы әлеуметтік желіде ашық сатылымда жүр

Жүздерін тұмшалап, қолдарына арабша сөздер мен қылыш бейнеленген Қазақстан туын ұстаған қыздардың суреті пайда болды. Желіде тараған бұл суреттің Атырау қаласында түсірілгені анықталды. Бұл туралы ZTB Qazaqstan арнасы жазды.

Тіпті, Сауд Арабия туының элементтері бар Қазақстан туы әлеуметтік желіде ашық сатылымда жүргені белгілі болды. Мұндай тулардың белгілі маркетплейсте сатылып жатыр. Олардың бағасы шамамен 5000 теңге. Ел туындағы арабша жазу — «кәлимә шәһәдә», қылыш — биліктің, әділдіктің символын білдіреді.
Атырау полициясы күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Қазір оқиға бойынша алдын ала тергеу басталған.
Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға заң бойынша үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, айыру жазасы қарастырылған.
Фото: ZTB Qazaqstan