Басты бет » Сен білесің бе? » Көше өнері: Астана ғимараттарындағы граффити

Көше өнері: Астана ғимараттарындағы граффити

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығымен бірге елордада көше өнерінің ASTANA Street Art фестивалін ұйымдастырып жатыр. Шара аясында жас суретшілерден құралған командалар ғимараттардың қабырғасына өз туындыларын салады.

Жобаға қатысушылар кішкене баллондарды, сондай-ақ дәстүрлі қасбеттік бояуларды пайдаланады. Суретшілер өз жұмыстарын Астананың 20 жылдығына арнап, шығармашылықтары арқылы жергілікті тұрғындарға қуаныш сыйламақ ниетте.

1

Фестиваль жұмыстарының басым бөлігінен қазақ халқының ерекшелігін байқауға болады. Мысалы, Кенесары көшесіндегі 63-үйде киіз үйдің жанында тұрған қазақ қызы бейнеленген. Картина «Ықылас» деп аталады.

2

Қолына сарғалдақ ұстаған ұлттық киімдегі қыз Республика даңғылындағы 34/2-үйдің қабырғасына салынған. Бұл суретке «Қызғалдақ» деген атау берілген.

4

Ал Абай даңғылындағы 67-үйде жарқыраған ай мен көк аттың басы бейнеленген. Адамдардың туындыға деген көзқарасын алдын ала білгендей, картина #like деп аталған.

Күйші Дина көшесіндегі 15-үйден бәйгенің суретін көруге болады. Бұл суреттегі барлық эмоция пішіндер мен түстердің экспрессиясы арқылы жеткізілген.

8

Бараев көшесі 6/1 мекен-жайындағы ғимараттан өзге туындыларға ұқсамайтын картинаны тамашалай аласыз. 3D эффектісімен салынған суретте үлкен мегаполистегі өмір бейнеленген.

Бұл көше өнері әлемнің көтеген елдерінде кең тараған. Ал қазақстандық граффити стрит-артының белсенді өкілдерінің арасында «Repas», «Tigrohaudcrew», «CANBRUSH» суретшілер командасы мен Паша Кас бар.

Роллан Граменский,

Еуразия ұлттық университетінің студенті

 

 

Пікір жазу