Басты бет » Жаңалықтар (страница 67)

Жаңалықтар

Шаңсорғыштың қорабына есірткі жасырған

Екібастұзда шаңсорғыштың қорабына есірткі жасырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Коллаж jastar-janary.kz 10 жыл орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айыру, сот мұндай үкімді Екібастұзда есірткі тарататын азаматқа қатысты шығарды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілдер Астана қаласынан шаңсорғышы бар қорап түріндегі сәлемдеме келе жатқанын анықтады, алайда оның ішінде есірткі болды. Пакетті ...

Толығырақ »

Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

– Лондонға сапарым аясында біз табысты жетістіктерге қол жеткіздік, – деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған делегация әлемдегі ең беделді ЖОО-на арнайы барды. Осы сапар аясында әлемдегі бірегей ЖОО саналатын Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, өзара келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға ...

Толығырақ »

Ауылға барған жас дәрігерге 8,5 миллион теңге берілмек

Ауылға еңбек етуге баратын жас дәрігерлерге бірреттік ең төменгі жалақының 100 есе көлемінде көтермеақы төленетін болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.  «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының шеңберінде біз ауылға баратын жас мамандарға, соның ішінде бір медицина қызметкеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуге қаржы бөлдіру туралы уәде берген болатынбыз. Ал бұл көрсеткіш ...

Толығырақ »

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ: Қалқаның қалай, қазақ?

Әлемдегі ахуал өте қауіпті бағытқа жылжып барады. Шығыс Еуропада соғыс (Украина-Ресей), Таяу Шығыста ондаған жылдар бойы бітпейтін қақтығыстар мен қантөгістер, соңғы уақытта оңтүстік-шығыс Азия аймағында да жағдай тұрақты емес. Тайуань үшін талас, Кимнің зымыран атуы, Қытайдың жаттығулары, Жапонияның әскери бағытқа өзгеріс жасауы бар. Үндістан-Пәкістан аймағын алып қарасақ, ол жақта да тыныштық қашты. Қысқасы әлемде қақтығыс артты. Жаһан милитаристік саясатқа көшуде. ...

Толығырақ »

Оқушылармен «Объективте – қауіпсіздік!» акциясы өтті

Жетісу облысының мектеп парламенттерінің Төтенше жағдайлар министрлерімен және «Жас құтқарушы» кадет сыныптарының оқушыларымен «Объективте – қауіпсіздік!» акциясы өтті. Акцияның мақсаты — оқушылар мен оқытушылар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар сарайының ғимаратында шағын көрме ұйымдастырылды, онда оқушылар құтқарушылардың авариялық-құтқару және жеке қорғану құралдарымен көрнекті түрде танысты. ТЖ министрлері мен жас құтқарушыларға өрт сөндірушілер және ...

Толығырақ »

Вейп сатқандар енді 50 тәулікке дейін қамалуы мүмкін

Елімізге вейптерді (электронды темекі) әкелуге, таратуға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс отырысының екінші оқылымында қабылданған денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында жазылған. Бұл туралы Atameken business телеграм арнасы жазды.  Вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Атап айтқанда, сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға ...

Толығырақ »

«ДОСБОЛLIKE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі әлеуметтік-эмоционалдық ахуалды жақсарту мақсатында «ДОСБОЛLIKE» республикалық акциясын бастады. Бұл туралы министрлік телеграм арнасында хабарлады.  Елімізде «ДосболLIKE» республикалық акциясы басталды. Ол мектептердегі әлеуметтік-эмоциялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Акцияның мақсаты − ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын табу және білім беру мекемелерінде достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін оқушылар қауымдастығын біріктіру. «ДосболLIKE» акциясы 2024 жылдың 17 қаңтарынан 17 ақпанына дейін ...

Толығырақ »

Маңғыстаулық «Нұр-Шах» бренді Парижде сәтті өнер көрсетті

Маңғыстаулық дизайнер Нұржамал Нұрпейісова Fashion week haute couture Paris 2024 жоғары сән апталығына қатысты. Онда шетелдіктерге әйгілі «Нұр- Шах» брендінің қазақы нақыштағы киімдері көрсетілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы. La Galerie Bourbon Эйфель мұнарасының жанында орналасқан. Нұржамал Нұрпейісова instagram парақшасында өз пікірімен бөлісті. – Алайқай, біз Парижге жеттік. Бұл шараға алғаш қатысуымыз. Біз туралы madame Figaro Paris, Elle, ...

Толығырақ »

Батысқазақстандық жас әнші Македониядан олжалы оралды

Жуырда Македония астанасы Скопье қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында халықаралық ән байқауы өткен болатын. Ән додасына Қазақ елінің атынан барған батысқазақстандық жас әнші жүлделі екінші орын еншіледі. Ән байқауында 15-18 жас аралығындағы жас өнерпаздар арасынан күміс жүлдеге қол жеткізген отандасымыз Айсезім Тілекқабыл– Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында тұрады, мектеп оқушысы. Байқау туралы әңгімелеп берген Айсезімді ән өнеріне баулып жүрген жетекшісі ...

Толығырақ »

Балалар әдебиетін дамыту маңызды

Алматыда шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірге балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, «Шығармашылық зиялы қауым – Қазақстан балаларына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ...

Толығырақ »