Басты бет » Жаңалықтар » 10 жасар Асылжан алты Нобель сыйлығының иегерінен хат алған

10 жасар Асылжан алты Нобель сыйлығының иегерінен хат алған

«Qazaqstan» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болған он жастағы қазақ қызы Асылжан алты бірдей алты Нобель сыйлығының иегерінен хат алғанын айтты, деп хабарлайды Jastar janary.

Нобель сыйлығы ғылым саласының әлемдегі ең беделді марапаты. 1901 жылдан бастап берілетін ғылым саласының үздіктеріне  табысталып келеді. Осы күнге дейін әлем бойынша 621 ғалым Нобель сыйлығын алған.

Ғылымға деген қызығушылығымен көзге түскен Асылжан Бақытжанқызы – мәртебелі марапат иелерінен хат алған Қазақстандағы алғашқы оқушы. Ол математика, жаратылыстану пәндерін сүйіп оқиды. Талапты оқушы болашақта дәрігер болып, қатерлі ісікке қарсы дәрі жасап шығарғысы келеді. 

– Алғашқы ғалым әйел туралы кітап бар. Қателеспесем, ол екі рет Нобель сыйлығын алды. Мари Кюри – химиядан жаңалық ашқан. Екінші кітабым, ағылшын тіліндегі «Қалай Нобель сыйлығын алуға болады?». Ешқашан берілмеу деген түйінді ой түйдім және қандай қиын жағдай болса да содан шыға аласың деген ой түйдім, – дейді Асылжан.

Әлем бойынша 16 әйел Нобель сыйлығымен марапатталған.