Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде алғаш рет «Студенттік құрылтай» құрылды.
Фото: qyzpukz инстаграм арнасы
Басты мақсат – студенттер мен университет басшылығы арасында тұрақты диалог орнатып, жастардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Құрылтай аясында ғылым, академиялық сапа, инфрақұрылым, цифрландыру, экология, мәдениет, әлеуметтік мәселелер мен инклюзия, кәсіпкерлік, құқықтық сауаттылық және халықаралық ынтымақтастық сияқты 10 бағыт бойынша арнайы комитет жұмыс істейді. Олар студенттердің ұсыныстарын талдап, білім сапасы мен әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асырады.
Ұйым құрамына оқу үлгерімі жоғары, қоғамдық белсенді және көшбасшылық қабілеті бар студенттер іріктеліп алынады. Олар өз құрдастарының үнін басшылыққа жеткізіп, нақты жобаларды бастауға мүмкіндік алады.
Идеялық негізі «Парасат мектебі» концепциясына сүйенетін Студенттік құрылтай – өзін-өзі басқару мәдениетін жаңа деңгейге көтеретін маңызды алаң.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы