Басты бет » Жаңалықтар » Телефондағы қосымша сарбазға «қорған» бола ма?

Телефондағы қосымша сарбазға «қорған» бола ма?

Әскердегі әлімжеттіктің алдын алу мақсатында сарбаздарды бақылайтын телефон қосымшасы шықты.  Қазір әскери бөлімдерге арнайы QR кодтар орнатыла бастады. Оның көмегімен нысандағы кез келген заңбұзушылық туралы анонимді түрде ақпарат беруге болады.

Фото: elordainfo.kz

– Armia.kz деп аталатын мобильді қосымшаны іске қосып жатырмыз. Оның көмегімен сарбаздың ата-анасы кез келген уақытта баласының не істеп жатқанын, қалай тамақтанып жүргенін толық бақылай алады. Офицерлермен, тәрбиешілермен байланыс орнату да жеңілдейді. Сарбаздың бос уақытында ол да бейнеқоңырау шала алады. Қосымшаны өзіміздің сарбаздар дайындап шықты. Барлық платформаларда тегін жұмыс істейді, – деді Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев.

Дереккөз: @qazaqstantv