Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін картаны елімізде өз ісін дамытуға дайын 27 бизнес иммигрант алды. Ал сұранысқа ие мамандарға да осындай 38 карта берілді.
Фото: kaztag.kz
«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар. Олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланд, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді елдерден келді.
Аталмыш карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз елінің азаматтығын сақтай отырып беріледі. Карта иегері 10 жыл мерзімге Қазақстанда тұруға рұқсат алады.
@qazaqstantv