Чили елінің азаматы Андреа Луенго қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, домбырада күй орындады, деп хабарлайды Jastar janary Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Өнер иесінің сөзінше, халық әртісі Димаш Құдайберген ұлттық аспапты үйренуге себепкер болған. Айта кетейік, 30 жастағы Андреа – Сантьяго қаласының тұрғыны. Ауруханада мейірбике болып жұмыс істейді. Музыкаға жаны жақын Андреа гитара, укулели, фортепианода ойнайды. Ал домбыраны өз бетінше үйренген. ...
Толығырақ »Жаңалықтар
«Jayap Ber»: Астанада кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу шарасы өтуде
Maqsut Narikbaev University конституциялық және саяси зерттеулер институты Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған «Jayap Ber» әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жоба аясында MNU омбудсмендер клубының студенттерін белсенді тарта отырып, оқушылар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне барып, онда сотталғандарды ұстау шарттарын өз көздерімен көріп, қылмыстық ...
Толығырақ »Абай облысында 180 баланың тұсауы кесілді
ТҰсаукесер шарасы Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Шара барысында облыс бойынша бір мезетте 180 баланың, ал Семейде 40-қа жуық бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Абай облысында Наурыз мейрамына орай 300-ге жуық киіз үй тігілді. Мерекелік шаралар облыстың барлық ауданы мен қаланың барлық шағын ауданын қамтыды. Облыс әкімі Берік Уәли орталық алаңдағы киіз үйлерді аралап, Наурыз мейрамының басты оқиғасы – тұсаукесер ...
Толығырақ »Маңғыстауда ұлттық киімнен әлемдік рекорд орнады
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, «Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы» номинациясы бойынша Гиннесс рекордын орнатты, деп хабарлайды Jastar janary Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Best Fest Nauryz» атауымен өткен шараға 5500-ден астам адам тіркеліп, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде ...
Толығырақ »TikTok #Наурыз2025 онлайн-фестивалін іске қосады
Наурыз мейрамына орай TikTok осымен үшінші жыл қатарынан қазақстандықтар үшін ауқымды онлайн-фестиваль ұйымдастырады. #Наурыз2025 арнайы хэштегі арқылы кез келген адам бастамаға қосылып, мерекелік сәттерімен бөлісе алады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның жоғары оқу орындары да бұл фестивальға белсенді қатысуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University Наурызды ерекше қарсы алуға дайын, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде домбыра шертіліп, Yessenov University-де ұлттық спорт ...
Толығырақ »«Орындалған бір арман»: Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады
Танымал әнші Серік Ибрагимов әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне темір тұлпар сыйлағанын айтты, деп хабарлайды Jastar janary. «Ассалаумағалайкум қымбатты достар! Әкемізге біздің отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз тосынсый жасайын деп тұрмыз. Алла бұйыртса, қазір салоннан әкеме су жаңа көлікке сыйлайын деп жатырмыз. Әке-шешеге құрмет деген нәрсе өз алдыңа келетін дүние. Сондықтан баршаңызға осындай қуанышты жағдай, бақытты сәт жұғысты болсын дегім келеді», – ...
Толығырақ »Ирина Советжанқызы: «Қазақ комедияларының деңгейі белден төмен құлдырап бара жатыр»
Журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында кинотеатрларда көрсетіліп жатырған арзан коммедиялар жайында айтты, деп хабарлайды Jastar janary. «Айта-айта Алтайды..» демекші, қазақ комедияларының деңгейі белден төмен құлдырап бара жатқанын осы жердегі көбіміз жазып келеміз. Бірақ біздің айтқанды еститін құлақ болмады. Кинотеатрлардағы қаптаған арзан комедиялар мен сапасыз сандырақтарға көз үйренгелі қашан. Бүгін Ұлттық Құрылтайда Президент осы мәселеге тоқталып өтіпті. Былтырдың өзінде осы ...
Толығырақ »TikTok ата-аналардың талабын ескеретін болды
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп жазады Jastar janary inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. – TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін одан әрі жақсартуда. Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. ...
Толығырақ »Астанада мұз үстінде қыз қуу ойыны өтті
Наурыз тойын атап өту, қазақтың салт-дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында «Алау» мұз айдынында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен мұз үстінде қыз қуу ойыны өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Ұйымдастырушылар заманауи қыз қууды осылайша халық назарына ұсынып, дәстүр жаңғыртқысы келгенін айтады. «Бүгінгі шараның ерекше сәті – мұз ...
Толығырақ »20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Фото: egemen.kz Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады. Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы