Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Еуропада оқитын ұлының шет мемлекетте білім алуға қатысты жеке ой-пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary.«Мұнда оқысаң да өзің үшін, оқымасаң да өзің үшін. Сені ешкім керек қылмайды», – дейді 1-ші found оқу жылын Еуропада тәмамдап жатқан үлкенім.
Егер ұл-қызыңызды шетелге оқуға жіберу ойда болса, ұлымның (менің емес) жеке пікірі:
Біріншіден, Soft skills (жұмсақ дағдылар) өте дамыған болу керек.
Екіншіден, соблазнға (темекі, алкоголь, тст) берілмеу – үйдегі тәртіп пен тәрбиеге байланысты (Осы кезде әкесінің әр сөзі есінде екенін байқадым).
Үшіншіден, балаңыздың психологиялық, менталды жағдайы қалыпты, тұрақты болмаса жіберудің қажеті жоқ!
Төртінші, үлкееен бәсекелестікке шыдай білу керек. Тамағыңды ешкім жасамайды, білетінімен ешкім бөліспейді.
Бесінші, бір емтихан тапсыра алмасаң, әр пересдача – ақша мен уақыт.
Алтыншы, мұғалімнің сөзі – заң. Аға, көке, тәте деген жоқ. Ешкім сенің артыңнан жүрмейді, тоспайды. Оқысаң да өзің үшін, оқымасаң да өзің үшін!
Ал менің қосарым, денсаулығын күтуді, бас ауырса, іш ауырса не ішу керек екенін, тазалыққа үйрету, киімін жуып, өзі үтіктеу, тамақ жасай алу дағдыларды білгені өзіне жеңілдеу болады», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.