«GALANZ BOTTLERS» АҚ басшысы, танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бүгін ерекше қайырымдылық жасап, компаниясындағы 100 қызметкерге пәтер сыйлады. Бұл туралы кәсіпкердің жары белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Jastar Janary.
Кәсіпкер ауқымды әлеуметтік бастама туралы ой 2024 жылы пайда болғанын айтты.
«Олар – көп жыл бойы компанияда еңбек етіп келе жатқан қарапайым жұмысшылар. Арнайы комиссия құрылып, мұқтаж қызметкерлерді анықтады. Көпшілігінің өмір бойы өз баспанасы болмаған», – деді Алагөзов.
Баспаналы болғандардың басым көпшілігі компанияның қарапайым қызметкерлері – еден жуушылар, жүк тасушылар, жүргізушілер мен техникалық қызметкерлер екен де атап өтті басшы.
Компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтау жазбасын жариялады.
«GALANZ bottlers» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын берік ұстана отырып, кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге пәтер кілттерін табыстады. Компанияның негізін қалаушы Тұрсынғали Тұрымұлы пәтер кілттерін өзі табыстай отырып, әрбір қызметкерге адал қызметі үшін алғыс білдірді. Пәтерлер «Hayat Construction Group» компаниясы салып жатқан заманауи тұрғын үй кешендерінен берілуде. Қызметкерлердің алғашқы легі жазда қоныстанса, кейінгі толқын күзде жаңа баспаналарына көшетін болады.
Құрметті әріптестер, көптен күткен қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңызда шаттық ұялап, береке-бірлік орнасын!
Сіздер бұл қуанышқа шын жүректен лайықтысыздар!» – деп жазды.
Кәсіпкердің жары Баян Алагөзова қуанышты жаңалықты бөліскен бейнежазбасында:
– Бүгін пәтер алған барлық қызметкерлер үшін қуаныштымын, – дей келе, – Күйеуімнің жомарт және мейірімді болмысы үшін өте қуаныштымын. Ол әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, компаниясында жұмыс істейтін қызметкерлерді ойлап осындай сыйлық жасады. Президентіміз бизнес өклідерінің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы жиі айтады. Сондықтан басқа кәсіпкерлерді де осындай жауапкершілікті сезінуге шақырамын, – деді продюсер.
Жиынға қатысқан қызметкерлер бұл жаңалықты білмегенін, марапат табысталады деп ойлағандарын да жеткізді Баян Алагөзова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram