Басты бет » Жаңалықтар »   Димаштың Лондонда өтетін концертіне мектеп директоры билет ұтып алды

  Димаштың Лондонда өтетін концертіне мектеп директоры билет ұтып алды

Димаш Құдайбергеновтың «Тау ішінде» аты өлеңіне мектеп оқушыларымен бірге тренд түсірген №58 мектеп-гимназиясыны директоры Ақмоншақ Нұртаза әншінің Лондонда өтетін ән кешіне билет ұтып алды, деп хабарлайды Jastar janary.

Директордың желіге жүктеген видеосы 3.4 млн қаралым жинаған.
Дәл сол видео Димаш Құдайбергеновтың Алматы қаласында өткен концертінде көрсетілді. Әншінің анасы Светлана Айтбаева директорға концертке билет берді.

№58 мектеп-гимназиясыны директоры Ақмоншақ Нұртаза жаңашыл басшы ретінде мектеп оқушыларымен Тикток әлеуметтік желісінде түрлі бейнежазбалар түсіріп көпке танылды. Ән айтуға да құштар ұстаз осы жолы өзінің биге де жақындығын көрсетіп, оқушыларымен би билеп елдің көңілінен шықты.