Күні кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Jastar janary.
Еңселі ескерткіш тұғырына қайта орнатылып, қазір айналасы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Өткен жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Кенесары ханның ескерткіші алынып тасталған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болды. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, расталмаған ақпарат тараған болатын. Шын мәнінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Енді қазір бұрынғымен салыстырғанда биіктігі де ұзартылды. Бүгін, міне, жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды», – деді Ерлан Қарин.