Басты бет » Жаңалықтар » Түркістандық үшем қыз мектеп бітірді (видео)

Түркістандық үшем қыз мектеп бітірді (видео)

Түркістан облысының Сауран ауданындағы Абдулла Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектепте биылғы соңғы қоңырау ерекше болды, деп хабарлады TURKISTAN телеарнасы.

 

 

Биылғы мектеп түлектерінің арасында үшем мектеппен қоштасты. Забира, Дариға, Қасиет есімді үшем қыз 2014 жылы мектеп табалдырығын аттаған. Бірінші сыныптан бері бір сыныпта оқитын қыздардың армандары асқақ, болашаққа сенімдері жоғары.

Олар қандай мамандықты таңдап отыр?

Үш қыздың екеуі, яғни Забира мен Дариға психолог мамандығы таңдауды шешсе, Қасиет менеджмент саласын таңдағысы келеді екен.

Сабақта да бір-бірінен ажырамай, өмірде де бір-біріне тірек болған үш қыздың аналары Ұлбала Ділманова қыздарының болашақта да бірге жүргендерін қалайды.

– Менің арманым осы Түркістанда университетке түссе. Бір-бірін іздеп тұрады, бірге болғанын қалаймын, – дейді қыздардың анасы.

Ақпарат: «TURKISTAN» телеарнасы
Фото бейнежазбадан сриншотталды