Басты бет » Жаңалықтар (страница 151)

Жаңалықтар

АҚШ-та қазақ брендін қалыптастырған жас кәсіпкер

Жас кәсіпкер Айдын Есенгелді Қытайдан Америкаға тауар жеткізіп қана қоймай, қазақ брендін ашып, кәсібін дөңгелентіп отыр. Отандасымыз «Дизайны  Қарағандыда жасалған» белгісімен бірнеше өнім шығаруда.   Сурет Айдын Есенгелдінің әлеуметтік желі парақшасынан «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының АҚШ-тағы меншікті тілшісі Жалғас Сәдібекұлының арнайы репортажынан. «Yes Candy» атауымен сатылатын жеміс тәттісі американдық балалардың сүйікті өніміне айналған. Химиялық қоспасы жоқ, таза жеміс-жидектердің шырынынан жасалған соң ...

Толығырақ »

9 қыркүйектен «Qazaqstan дауысы» мегажобасы бастау алады

9 қыркүйектен бастап әр сенбі Ұлттық арнадан «Qazaqstan дауысы» музыкалық мегажобасының жаңа маусымы эфирге шығады. Биыл телевизиялық байқауға қатысуға елімізден бөлек, Грузия, Әзірбайжан, Қытай, Беларусь елдерінің өнерпаздары өтінім берді. Келіп түскен 3500 үміткердің арасынан 105 қатысушы «Көрмей таңдау» кезеңіне жолдама алды. Жоба тәлімгерлері ретінде таңдау композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджановқа, әнші Қуандық Рахымға және бұған дейінгі маусым қатысушыларына ...

Толығырақ »

Таиландта 18 жастағы қазақстандық көз жұмды

  Сурет интернеттен алынды Сыртқы істер министрлігі Таиландтың Пхукет аралында 18 жастағы Қазақстан азаматының суға батқаны жайлы мәліметті растады. «1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түсті. Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке ...

Толығырақ »

Астанада мүгедек балаларға арналған «Ақ ниет» орталығы ашылды

Астанада мүгедек балаларға  әлеуметтік қызмет көрсететін «Ақ ниет» үйінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Жартылай стационар жағдайында жұмыс істейтін орталыққа тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психоневротикалық аурулары бар балаларға қызмет көрсетеді. Орталық 1,5 жастан бастап 18 жасқа дейінгі жеткіншектерді қабылдайды. Бұл жобаны іске асыруда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бастамашылар ...

Толығырақ »

Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі маусымы басталды

Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Олар 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді, олар 556 тонна өнім әкелді. Айта кетерлігі, жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт ...

Толығырақ »

Ресейлік блогер баласын қазақ мектебіне берді

Көктемде  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алға, Перербург» You Tube жобасының авторы Иван Червинскийге алғыс білдірген еді. Ашық дереккөзден Бүгін ресейлік блогер Иван Червинский  (@alga. peterburg) қызын бірінші сыныпқа қазақ мектебіне берді, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Бүгін Ваня қызын 1-сыныпқа қазақ мектебіне берді. Мемлекеттік тілде оқуды таңдаған балалардың саны тез өсіп жатыр. Қазақ сыныптарында түрлі этностардың балалары көбейіп келеді. Алматыда қазақ мектептеріндегі орын саны жеткілікті. ...

Толығырақ »

Өскемендегі әлімжеттік: сот екі жасөспірім қызды бас бостандығынан айырды

Өскемендегі әлімжеттік: сот екі жасөспірім қызды бас бостандығынан айырды.        Сурет интернеттен алынды Өскеменде 16 жастағы колледж студентін “соққыға жықты” деп айыпталған екі жасөспірім қыз үш жыл бас бостандығынан айырылды, үшінші жасөспірімнің бас бостандығы бір жыл шектелді. Жауапкерлер тарабы жәбірленушіге 9 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге де міндеттелді. Бүгін, 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Азаттық ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері!   Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын.   Құрметті депутаттар!   Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін! Көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді. Саяси партиялардың фракциялары, бір мандатты округтан сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы, ең алдымен, былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады Президент өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.   «Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның ...

Толығырақ »