
Қазақ дзюдошысы Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. 52 келіге дейінгі салмақтың финалында Фатима португалиялық София Гаспарды жеңіп, чемпион атанды.
Бұған дейін жас дзюдошы Эквадордың Гуаякиль қаласында кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарған еді. Осылайша, ол Қазақстанның әйелдер дзюдосы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған болатын.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы