Басты бет » Жаңалықтар » Батыс Қазақстанда мектептер мен колледждерде сабақ онлайн жүреді

Батыс Қазақстанда мектептер мен колледждерде сабақ онлайн жүреді

 

Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайға байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 сәуірден бастап қала мектептері мен колледждері, қосымша білім беру ұйымдарында және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының колледждерінде оқу процесі онлайн форматта Вilimland.kz, Daryn.online платформаларында ұйымдастырылады.

Оқушыларды техникалық оқыту құраладырмен қамту жұмысы ұйымдастырылуда. Ата-аналардан балалардың қауіпсізідігін үнемі қадағалау сұралады», делінген хабарламада. Ақпаратты БҚО Білім басқармасы ұсынды.

Ақпарат: https://t.me/batystoday телеграм арнасынан
Сурет: https://sputnik.kz/