Басты бет » Жаңалықтар (страница 13)

Жаңалықтар

Жанкүйерлер «Қайрат» клубының тарихи кездесуін үлкен экраннан көре алады

30 қыркүйек күні қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде атақты испаниялық «Реал Мадрид» командасымен кездеседі. Бұл туралы Qazsport телеарнасы хабарлады. Еліміз үшін маңызды ойынды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен бірге Корпорация елордалық жанкүйерлер үшін «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында ашық көрсетілім ұйымдастырады. Шараға түрлі саланың өкілдері, қоғам белсенділері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысады. ...

Толығырақ »

Гонконгте өткен II Жастарды дамыту саммиті өтті

Гонконгте «Connecting the world into the Future» («Әлемді болашаққа жалғау») тақырыбында II Халықаралық Жастарды дамыту саммиті өтті.  Саммитке Қазақстан делегациясы да қатысты, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі. Халықаралық кездесудің мақсаты – жастар саясаты, технологиялық инновациялар, мәдениет және креативті индустрия саласында тәжірибе алмасу. Саммитке Қазақстан, Сингапур, Жапония, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия және басқа да шетелдік мемлекеттерден келген делегаттар қатысты. Іс-шараға ...

Толығырақ »

ӘКІМ ЧЕМПИОНҒА КӨЛІК ПЕН ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали және оның жеке бапкері Ғабиден Райымбекке ерекше сый-құрмет көрсетті. «Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз. Бүгінгі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Айдос бауырымызға жаңа автокөлік пен пәтер кілттерін, бапкері Ғабиденге де жаңа пәтер беру туралы шешім ...

Толығырақ »

«Жасыл ел»: Астанада еңбек жасақтарының ХXI еңбек маусымы жабылды

Астанада «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының ХXI еңбек маусымы салтанатты түрде жабылды. Конституцияның 30 жылдығына орай, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жастар сарайында өткен жиынды Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Жасыл ел» жастар еңбек ...

Толығырақ »

«Есірткіге жол жоқ!»: 12 мыңнан астам наркограффити жойылды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Президент тапсырмасы аясында нашақорлықпен жүйелі күрес жүргізуде. «Жастар Рухы» жастар қанаты үшінші жыл қатарынан елімізде «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізіп келеді. Бұл бастама қазірдің өзінде нашақорлық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрестің басты бағыттарының біріне айналды. Мыңдаған ерікті күн сайын есірткі насихатына тосқауыл қойып, «Заң мен тәртіп» қағидатын күшейтуге және салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысып ...

Толығырақ »

Астана сотында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралды. Шағымды Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Айыпталушы тараптың адвокаты шағым түсіріп, бірінші сатыдағы үкімнің күшін жоюды сұраған болатын. 2025 жылдың шілдесінде Biz Birgemiz Kazakhstan 2030 қорының жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – «Алаяқтық», 218-бабы ...

Толығырақ »

Фонограммамен ән айтуға шектеу қойылады

Мәжілісте мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограммаларды пайдалануға шектеу енгізу жөніндегі түзетуді қабылданғаны туралы Парламент Мәжілісінің депутат Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында.    Фото: nashteatr.com Мәжіліс депутаттары жаңа ғана жалпы отырыста мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограммаларды пайдалануға шектеу енгізу туралы түзетуді қабылдады. Депутаттың айтуынша, бұдан былай концерттерде, ойын-сауық кештерінде, мәдени шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынады, көрермендер тек жанды дауысты орындауды тыңдайды, шынайы өнерге, кәсіби ...

Толығырақ »

Кристина ЛИПНАУ: Жылқы – ерекше қасиетке ие төрт түліктің төресі

Тіл – ұлттың жаны, елдіктің айнасы. Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлт пен ұлыстың тілі мен мәдениеті – біздің ортақ байлығымыз, достық пен бірліктің кепілі. Тілге құрмет – елге деген құрметтің белгісі. Осы орайда біз мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін үнемі насихаттап, көпке үлгі етіп келеміз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Орал қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің ...

Толығырақ »

Есірткіге қарсы күрес белсенді жалғасуда

«Жастар Рухы» жастар қанатының «Есірткіге жол жоқ» акциясы Астанада жалғасын тапты. Шара барысында Астана қаласындағы аулалар мен қабырғалардағы есірткі жарнамасы бар граффитилер жойылды. Бұл туралы «Жастар Рухы» ЖҚ-ның телеграм арнасы жазды.  Акцияға «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова, Астана қалалық полиция департаментінің өкілдері, «Жастар Рухы» Астана қалалық филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм, Жастарды қолдау кеңесінің мүшесі Тимур Гизатулин, сондай-ақ қоғам белсенділері мен ...

Толығырақ »

Қазақстандық фильмдер шетелдік кинофестивальдерде үздік атанды

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Әмір Кәкеннің «Жазда атамның ауылында» фильмі АҚШ-тағы «Whittier Film Festival» халықаралық кинофестивалінде жеңіске жетті. Картина үздік қысқаметражды фильм деп танылып, Best Short Drama номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жас режиссердің бұл туындысы Ресейде өткен «Взрослеем вместе» халықаралық кинофестивалінде де «Қысқаметражды көркем фильм» аталымы бойынша марапатталған ...

Толығырақ »