Басты бет » Жаңалықтар (страница 12)

Жаңалықтар

НУМЕРОЛОГИЯ: Тағдыр саны адамның мінез-құлқына қаншалықты сәйкес келеді?

Нумерологияда тағдыр саны адамның мінез-құлқы мен оның қандай қабілеттерге ие екендігін сипаттап береді. Нумерологиядағы барлық сандар жиынтығы 1 мен 9 арасында жүреді, соған сәйкес адамдардың тағдыр саны мен планетасы да осы бойынша есептеледі. Белгілі нумеролог маман Наурызгүл Абиева тағдыр санына қатысты өз болжамын ұсынады. Нумерологтың айтуынша, тағдыр саныңызды есептеу үшін, туған күніңізді, ай мен жылыңыздағы сандарды қосып, одан шыққан екі ...

Толығырақ »

Атырауда жұмысшы жастар бас қосты

Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті. Жиынға өңірдегі өндірістік, көлік-логистикалық, мұнай-газ компанияларының 100 қызметкері, бизнесмендер, ұлттық компаниялар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты, деп хабарлайды Jastar janary порталы. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл міндеттерді өз ...

Толығырақ »

Шетелдік мигранттарды «студент» атандырған оқу орындары анықталды

Жуырда Жамбыл облысы прокуратурасының қызметкерлері Өзбекстан мен Түрікменстан елдерінен келген 25 шетелдікті анықтап, олар оқу орындарына студент ретінде заңсыз тіркелгенін әшкереледі. Мәселен, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген. Алайда олар бұл оқу орнында бірде-бір күн оқымаған. Аталған факті бойынша прокурорлармен ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, кінәлі тұлғалар анықталуда. ...

Толығырақ »

Астананың білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Елорданың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, мемлекеттік органдардың, оның ішінде білім және денсаулық сақтау басқармаларының, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері мен ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ психикалық аурулар саласындағы мамандар қатысты. Жиын барысында 2024 жылы балалар мен мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында ...

Толығырақ »

Жұлдыз Әбдікәрімова Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығында подиумға шықты

Қайрат Нұртастың жары, актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығында подиумға шығып көпшілікті таңқалдырды. «Аруназ» ательесінің жаңа топтасын таныстырда, деп хабарлайды Jastar janary. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Kazakhstan fashion week! Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығының 35-маусымы Алматыда өтуде. Онда 6 елден келген 26 дизайнер жаңа топтамаларын ұсынды. Мен әдеттегідей отандық дизайнер arunaz_atelier сән ...

Толығырақ »

Алматыда 3500 орындық Оқушылар үйі салынуда

 Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданын аралау барысында қосымша білім беру мәселесінің шешімімен, оның ішінде жеке капиталдың қатысуымен танысты, деп хабарлайды Jastar janary порталы Алматы қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ әкім Вахтангов көшесіндегі №3 Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болды. Қаланың құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаев нысанның 80 пайыздық дайын екенін баяндады. Бұрынғы апатты деп танылған жерде ...

Толығырақ »

«Шайн мускат» жүзімінен ағзаға зиян заттар табылған жоқ

Соңғы уақытта қалың көпшіліктің қызығушылығын туғызып, «хит» тауарға айналған «шайн мускат» жүзіміне Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасымен зертханалық сараптама жүргізілді. Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес жүзім құрамынан карантиндік зиянкестер табылмады, деп хабарлайды Jastar janary порталы. Сондай-ақ ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша ...

Толығырақ »

Жошы хан туралы сериалдың түсірілімі басталады

Karga Seven Pictures-тен жобаның атқарушы продюсері және режиссері Эмре Шахин, продюсер Фикрет Маноглу және қоюшы-суретші Зеки Сарайоглу мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен жеке кездесіп, Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы шағын сериалдың түсірілімі барысын талқылау үшін Қазақстанға келді. Бұл туралы кино мамандары желідегі парақшасында жазды. Продюсерлік компанияның өкілдері сценарий бойынша жұмыстың аяқталғанын хабарлады, оны әзірлеуге белгілі жазушы Джастин Поллард («Викингтер») ...

Толығырақ »

«Таза Қазақстан»: Елордалық еріктілер қарттарға көмектесуде

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, жалғызбасты қарт адамдардың жеке үйлерінің аулаларында қар тазалап, көмір түсіруге көмек көрсетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Акцияға 20-дан астам ерікті қатысты. Жастар қарды тазалап, өз аулаларында зейнеткерлердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті. Кейбір үйлерде жастар көмірді сақтау орындарына тасымалдауға және алып тастауға ...

Толығырақ »

Электронды темекі: вейп сатылымы тыйылмай тұр

Шылымның шырмауығынан құтыла алмай жүргенде, оның электронды түрі – вейп пайда болды. Сатылымы лезде жоғарылап, тіпті темекіге әуестігі жоқ адамдарды да өзін арбап алды. Мектеп оқушылары да «зиян емес, құрамында никотин жоқ» деген жалған аргументті ұран етіп, жапатармағай жабыла бұл құрылғыға қызығушылық танытты. Заң қабылданса да, пысқырып жатқан ешкім жоқтай, әлеуметтік желіде саудасы жүріп тұрған вейптен қалай құтылмақпыз? Бұл туралы ...

Толығырақ »