Басты бет » Жаңалықтар » Ұстазға құрмет бәрінен биік

Ұстазға құрмет бәрінен биік

1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау – жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ең бастысы, гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек.

Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс.