Басты бет » Жаңалықтар » «Ол алаңдағы үздік ойыншы болды»: «Бернли» бапкері Сәтпаевқа жоғары баға берді

«Ол алаңдағы үздік ойыншы болды»: «Бернли» бапкері Сәтпаевқа жоғары баға берді

«Бернли» бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың «Норвичке» қарсы ойынын жоғары бағалады.

"Ол алаңдағы үздік ойыншы болды": "Бернли" бапкері Сәтпаевқа жоғары баға бердіinstagram/burnleyofficial

Чемпионшип лигасындағы үшінші турда «Бернли» сырт алаңда «Норвичтен» 4:1 есебімен жеңілді. Дастан Сәтпаев бұл кездесуде алғаш рет чемпионат матчында негізгі құрамда алаңға шығып, ойынның соңына дейін өнер көрсетті.

Flashscore порталы Сәтпаевтың ойынына 7,6 балл қойды. Бұл – «Бернли» құрамындағы ең жоғары көрсеткіш.

Сәтпаевты өзгелерге үлгі етті

Матчтан кейін «Бернли» бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшының алаңдағы әрекетін ерекше атап өтті.

«Бүгін Дастанды да көрдіңіздер, 18 жастағы жігіт алаңдағы ең үздік ойыншы болды. Басқа футболшылар да өздеріне қарап, бірқатар сұрақ қоюы керек. Егер Дастанның командаға қандай энергия әкелгенін, қалай күрескенін көрген болсаңыздар, дәл осындай ойынды барлық футболшы көрсетуі керек. Бірақ бұл процесс, біз біртіндеп қажетті нәтижеге қол жеткіземіз. Мен үшін де бұл қиын жағдай. Маусымның дәл осылай басталатынын күтпедім. Дегенмен жағдайды өзгерту үшін бар күшімізді салатынымызға кепілдік бере аламын», — деді Хайен.

«Бернли» осы кездесулерден кейін 1 баллмен турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасып отыр.