Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 90)

Архив блога

Сенбілік барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесті

Президент қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті. – Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ, ең ...

Толығырақ »

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

  Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 848 оқытушы-профессоры мен қызметкері және 135 студенті қаржылай көмек көрсетті. Жиналған қаражат Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорына және «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылды.   Мұнан бөлек, бас оқу ғимаратында қабылдау пунктін ашып, қиындыққа тап болған халыққа оқу орны атынан азық-түліктер, киім-кешектер ...

Толығырақ »

«Менің бауырым»: Мектептерде еріктілер жұмыс істеуде

«Менің бауырым» жобасы аясында еріктілер Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарының 400-ден астам мектебінде белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бастама азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқарады, ол бойынша әрбір адам қазақстандық балалардың саламаттығын сақтауға және қолдауға өз үлесін қоса алады. «Мектептерде жұмыс істейтін еріктілер мұғалімдер мен оқушыларға көмек қолын соза отырып, білім беру процесінде түрлі жобалар мен бастамаларды ...

Толығырақ »

Робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды

Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды. Хьюстонда ең үлкен FIRST Championship чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 55-тен астам елінен 50 мың оқушы қатысты. Биыл Қазақстан құрамасында FIRST LEGO LEAGUE EXPLORE кіші санатында Астана қаласыныдағы Quantum STEM School мектебінен IQ Robots командасы, FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE орта санатында Шымкент қаласы Robopark мектебінен Shymside командасы, ал FIRST Tech CHALLENGE жоғары санатында Алматы қаласындағы ...

Толығырақ »

Димаштың шет елдердегі жанкүйерлері Қазақстанға көмектесіп жатыр

Танымал әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатқан жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп жазады oimaqnews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Маған «әлемнің әр еліндегі жанкүйерлерім су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр» деген ақпарат жетті. Осындай қысылтаяң кезеңде қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Сүйем сіздерді! – деді Димаш.  

Толығырақ »

Волонтерлер су тасқынынан зардап шеккендерге 1 713 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

Волонтерлер Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Абай облыстарында жұмысын жалғастырып жатыр. Олар эвакуация пункттерінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп, жағада бөгеттерді күшейтіп, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде де белсенді жұмыс істеп жатыр. Тасқын салдарымен күресіп, зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсету мақсатында «Күшіміз бірлікте» акциясы жалғасуда. Акцияны жастар ресурстық орталықтары, волонтерлер, саяси партиялар және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері бірауыздан қолдады. Атап ...

Толығырақ »

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді

Сенаторлар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады. Отырыс төтенше жағдайға байланысты Сенат депутаттарының өңірлерде атқарған жұмысының аралық нәтижесін қорытындылаумен басталды. Осы мәселеге тоқталған Мәулен Әшімбаев бірқатар сенатор облыстарға арнайы барып, су тасқынына қарсы күреске белсенді қатысып ...

Толығырақ »

Депутаттар үлкен нөпірмен су келе жатқанына алаңдаулы

Мәжіліс депутаттарының еліміздің су басқан өңірлеріне сапары жалғасуда. Кеше Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан, Ринат Заитов, Мақсат Толықбай және Нартай Сәрсенғалиев Атырау қаласында, Махамбет ауданы мен Құлсары қаласында болды. Сапар барысында мәжілісмендер Атырау облысында су тасқынын алдын алуға атсалысып, су басқан елді мекендердің тұрғындармен кездесіп, зардап шеккен аудандар мен ауылдарды аралады. Жайық өзенінен сақтанып, бөгет салып жатқан Алмалы ауылының тұрғындарымен кездесуде ...

Толығырақ »

Батыс Қазақстанда мектептер мен колледждерде сабақ онлайн жүреді

  Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайға байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 сәуірден бастап қала мектептері мен колледждері, қосымша білім беру ұйымдарында және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының колледждерінде оқу процесі онлайн форматта Вilimland.kz, Daryn.online платформаларында ұйымдастырылады. Оқушыларды техникалық оқыту құраладырмен қамту жұмысы ұйымдастырылуда. Ата-аналардан балалардың қауіпсізідігін үнемі қадағалау сұралады», делінген хабарламада. Ақпаратты БҚО Білім басқармасы ұсынды. Ақпарат: https://t.me/batystoday ...

Толығырақ »

Су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізілуде

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері қарғын судың зардабын тартқан аймақтарда белсенді қызмет атқарып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты су басқан ауылдарға гуманитарлық көмек жеткізілді. «Жастар Рухы» және «Dauletten» ҚҚ волонтерлері СҚО, Есіл ауданының Петровка, Николаевка ауылының тұрғындарымен кездесіп, қазіргі жағдайды біліп қайтты. Республикалық волонтерлер штабының мүшесі «Dauletten» қоғамдық қорының қолдауымен эвакуацияланған тұрғындарға керекті заттар – көрпе-төсек, киімдер мен ...

Толығырақ »