Басты бет » Жаңалықтар » Қымбат Досжан немересіне ерекше есім берді

Қымбат Досжан немересіне ерекше есім берді

Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан немересіне не үшін ерекше есім қойғаны жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты – қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың. Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен», – деп жазды журналист.

Қымбат Досжан сондай-ақ мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш «Жетінші палата» спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құсмұрынды келбетіне таңғалғанын жазды.

– Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді. Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды», – дейді ол.

Тележүргізуші осылайша қуанышымен бөлісе келе, оқырмандарына сұрақ қойып, ой бөлісуге шақырды.

Ал сіздер ұл-қыздарыңызды қалай атап жүрсіздер? Европаша ма, арабша ма, әлде қазақша ма? Қай ұлттың есімі ұнайды?