Әнші Абай Бегей мен отбасы қызы Сымбаттың тойында бейнебаян көрсетіп, екі жасқа тілектерін арнап құттықтады.
— Сымбат қызым менің,
өткенің көз алдымда балдырған бал ғұмырың
Білмеймін бере алдым ба әкелік жан жылуын
Тербелер тебіренер кейде көңілім сан құбылып
Өзіңдей перзент сүйген ризамын тағдырыма, – деп әкесі Абай Бегей өлең жолдарын арнап, қызына деген ризашылығын білдіріп, су жаңа көліктің кілтін табыстады.