Түркістан облысында үшем дүниеге келді. Бұл туралы qazaqstantv телеграм арнасы жазды.
Келес ауданы Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды.
Үшемнің ата-анасы ұлдарына Қасым, Жомарт есімдерін берді, ал қызын Кемел деп атаған.
Балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған.