Белгиялық отбасы асырап алған Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында ең жақын адамының соңғы тілегімен бөлісті.
Ол ең алдымен жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтты.
Валерий 10 шілде күні қайтыс болған еді.
«Менің асырап алған анам таңғы 10:30 да бұл дүниемен қош айтысты. Биыл қаңтарда Тайландта жүргенім де Валерий ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін былтыр Эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валерий мықты адам ретінде есімізде қалды, өйткені ол басымызға түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. Маған «Туған анаңды тап және мына әлемде жалғыз қалма» деп соңғы тілегін айтып кетті. Сауал көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз! Рақмет, мама! — деді.
Жәнібектің оқиғасы бойынша алғаш болып қол ұшын созған белгілі тележүргізуші, «Қазақ радиосындағы» «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан видеоға пікір қалдырып: «Ешқашанда, ешнәрсеге мойыма Жани! Елге келіп, туысыңмен, анаңмен табысатын күн жақында туар! Біз сені тастамаймыз», — деді.