Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 30)

Архив блога

«Осыншама әйелге тән энергияны қайдан аласыз?» Ерке Есмахан ерекше образдарымен таңғалдырды

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жеке авторлық сотуармен түскен суреттерін желіге жариялады, деп хабарлайды Jastar janary.«Менің жаным әдемілікке құштар. Өз өмірімді өзім әрлендіремін. Жанның, тәннің, ойдың, сөздің сұлулығы айналаңызды да өзгертеді… Әлемді өзгертуді өзімізден бастайық. «Ерке Сотуар» ерекше көзге түсіп тұр, иә?», – деп жазды әнші.Әлеуметтік желідегі әншінің оқырмандарының бірі: «Бұл суретте тек сыртқы сұлулық емес, жан ...

Толығырақ »

Астанада бір мезетте 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды

18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам мерекелік шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты. Барлық орында көптеген ойын-сауық түрлері ұйымдастырылған: мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар. Ең биік 25 метрлік шыршалардың шамы «Астана Арена» стадионының тұрағында және «Қазақ Елі» монументінің алаңында жағылды. «Астана Арена» стадионының тұрағындағы 25 метрлік шырша жарық декоративті ұлпа қармен ...

Толығырақ »

Астанада ерекше балаларға арналған кезекті бес инклюзия кабинеті ашылды

Елордада №65 мектеп-гимназияда инклюзияны қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды. Астана әкімдігінің хабарлауынша, жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ Астана әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырды. Ол ерекше әдіс-тәсілге мұқтаж балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Іс-шара Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің, «Самұрық-Қазына» АҚ, Білім басқармасы өкілдерінің, елордалық мектеп директорларының, педагогтар мен ерекше балалардың ата-аналарының қатысуымен өтті. «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында біз ...

Толығырақ »

Заң және тәртіп: Балалар қауіпсіздігі алаңдатады

Астанадағы №108 мектепте «Білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жиынға Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Хасенова, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының заңгер-медиаторы Ботагөз Көпжасарова және 400-ге жуық педагог пен ата-ана қатысты. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы ...

Толығырақ »

Игі істер марафоны: Елордада еріктілер тұрғындарға бауырсақ пен ыстық шай ұсынды

Елордалық еріктілер аязға қарамастан тоңған астаналықтарға бауырсақ пен ыстық шай ұсынды. Мұндай акциялар жыл сайын ауа райының суытқан уақыттан басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қоғамдық көлік күтіп тұрған жолаушыларға, көшедегі сауда шатырларында сауда жасайтын тұрғындарға және автобус жүргізушілеріне бауырсақ пен ыстық шай үлестіріп, алғысына бөленді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, суық күнде бауырсақ пен ыстық шай ...

Толығырақ »

«Таза Қазақстан»: елордада әкелер қар күреу челленджін бастады

Астана мектептерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «100 мектеп – 1000 әке» қар күреу челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Астана қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының әкелер кеңесінің өкілдері балалары оқитын білім беру мекемесінің қар күреу челленджін іске қосты. «Ұлы Абай айтқандай, «Мықты мемлекет құрғың келсе, отбасын тәрбиелеуден баста». Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. ...

Толығырақ »

Жайдарман – жастар мектебі

«Жайдарман» ойындарының негізі қаланғалы біраз жылдың жүзі болды. Халық сүйіктісіне айналған бұл қозғалыс қоғамдағы өзекті тақырыптарды әзіл арқылы астарлай жеткізе білетіндігімен ерекшеленеді. Десек те, қазіргі «Жайдарманды» осыдан 6-7 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда айырмашылықтың жер мен көктей екенін аңғарамыз, деп жазды «Ақмешіт жастары» сайты. «Бұл да бір мектеп» дейді жайдарманшылар қауымы, бірақ бүгінгі жайдарманның жастарға берері не? Осы тақырып аясында белгілі ...

Толығырақ »

Әли БИДАХМЕТ, актер, режиссер: «Болмаған балалық шақ» – үлкен сахнаға алып шыққан алғашқы жұмысым

Театр – тәрбиенің бесігі, рухани байлықтың қайнар көзі. Халық жазушысы Ғабит Мүсірепов «театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деген екен. Сол айтқандай, театр – әдемі өнердің ордасы, таланттардың ортасы. Осы орайда біз Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актер әрі режиссері, жақында «Танакөз» қойылымы бойынша ТОП 10 ішінде «Жыл сценографы» атағын алған театр актері Әли Бидахметпен ...

Толығырақ »

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды: Қазақстан үздік үштікте

Фото: Public Domain Бахрейннің Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс медаль иеленді. 96 келі салмақта Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпион атанды. 102 келі салмақта Артем Антропов «алтын» алды. 81 келі салмақта Алексей Чуркин күміс жүлдегер атанды. Ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы үздік үштік: ...

Толығырақ »

ЕЛ ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ІСТЕР АТҚАРДЫ

Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы негізгі оқиғаларды жариялады. Қазақстан жастарының саны ел халқының үштен біріне жуық – 5 759 781 адамға жетті. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастарды қолдау және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда: оларды жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету бойынша бірқатар гранттық жобалар жүзеге асырылды. Түрлі салада таланттарды ...

Толығырақ »