Басты бет » Жаңалықтар » «Бұрынғы сүйіктісін ұрып-соқты» делінген Шәріп Серікке анасы араша түсті

«Бұрынғы сүйіктісін ұрып-соқты» делінген Шәріп Серікке анасы араша түсті

Отандық киножұлдыздың анасы, адвокат Гүлнар Мұратқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының кінәсіз екенін айтып, дабыл қақты. Оның айтуынша, Әлия Бутаева Шәріп Серікті әдейі арандатқан, деп жазады Jastar janary inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: inbusiness.kz

– Ол өзінің арам пиғылын алдын ала жоспарлады. Менің ұлым онымен арақатынасын әлдеқашан үзсе де, ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Ұлымның пәтеріне баса-көктеп кірген. Сол күнгі бейнежазбаны да тұрғын үй кешенінен алған. Негізінен ол үйде тұрмайды. Заңсыз қолына түсірген, – дейді адвокат.

Актердің анасы қоғамды дүр сілкіндірген атышулы бейнежазбаның екі ай таспаланғанын айтады.

– Бетіне шапалақ тисе неліктен сол 8 ақпан күні полиция шақырмады? Экпертиза жасатпады, арызданбады?! Неге 2 ай өткеннен кейін полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөліміне қасындағылар «осылай айт» деп балама видео жазуға мәжбүрледі? – дейді киножұлдыздың анасы.

Сонымен қатар, Гүлнар Мұратқызы блогер Әлия Бөтееваның 2 жыл уақыт ұлының табысымен қымбат киініп, шетел аралағанын атап өтті.