Басты бет » Жаңалықтар » Әлкей Марғұлан туралы не білеміз?

Әлкей Марғұлан туралы не білеміз?

Ғылым және жоғары министрлігінің телеграм арнасы «Сен білесің бе?» ашылып, еліміздің көрнекті өкілдерінің, ғалымдар мен белгілі тұлғалардың ерекше әрі қызықты деректер ұсынылып келеді. Біз өз оқырмандарымыз үшін сол мәліметтерді ұсынбақшымыз. Бүгінгі кейіпкеріміз — ғалым, археолог, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы Әлкей Марғұлан!

Әлкей Хақанұлы — Қазақстан археология мектебінің негізін қалаған тұңғыш ғалым. Ол еліміздің көне қалалары мен мәдени мұраларын зерттеуге зор үлес қосты.

Ғалым 1950 жылы Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бойындағы көне қалаларға арналған алғашқы көлемді монографиясын жазды.

Ол Отырар, Тараз, Сайрам мен Сығанақ қалаларында қазба жұмыстарын жүргізіп, ел аузындағы аңыз-әпсаналар мен жырларды ғылыми тұрғыда саралады.

Әлкей Марғұлан 300-ден астам ғылыми зерттеу, 100-ден аса энциклопедиялық мақала жазған, олардың бірқатары шетел тілдеріне аударылған.

Ол 50-ден аса ғылым кандидаты мен докторының ғылыми жетекшісі болды. Бүгінгі археолог, этнограф, тарихшылардың бірнеше буыны — Марғұлан мектебінің өкілдері.
1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, қазақ фольклорын зерттеудің жаңа деңгейін көрсетті.

1957-1967 жылдары Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинап, 5 томдық академиялық жинақтың жарық көруіне жетекшілік етті.

Әлкей Марғұлан өз естелігінде:

«Мен өзімді ең әуелі өнертанушы, одан кейін Шоқанды зерттеуші, сосын барып қана әдебиетшімін, этнографпын, археологпын деп санаймын», – деген.

Семейде оқып жүргенінде ол Мұхтар Әуезовпен танысып, екеуінің достығы ұзақ жылдарға созылды.

1991 жылы Қазақстан ҰҒА жанындағы археология орталығы Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты болып қайта құрылды.

Фотосуреттер: https://t.me/gylym_jogary_bilim